Қоғам

Нұр-Сұлтан маңында КамАЗ аударылып, жолға қарбыз шашылды – видео

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуҚарбыз
Қарбыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласына кіретін жолда қарбыз тиелген жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол апаты 21 шілде күні кешкі уақытта болған. "Ssang Yong" маркалы көліктің 36 жастағы жүргізушісі апатты жағдай тудырған. Сол кезде қарбыз тиелген "КамАЗ" жүргізушісі онымен соқтығыспауға тырысып, көшедегі жарық бағанасына соғылған. Одан кейін жолдың жиегіне шығып, аударылып кеткен.
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады. КамАЗ тіркемесімен бірге аударылған. Видео авторының айтуынша, далада шашылып жатқан қарбызды сатып жатыр.
КамАЗ жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Полицейлер тексеріс шараларын бастап кетті.
Жаңалықтар
0