Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

"Ласточка" мен "Ланцеттің" мүмкіндігі қандай

© Sputnik / Mikhail Voskresenskiy / Медиабанкке өтуОткрытие международного военно-технического форума "Армия-2019"
Открытие международного военно-технического форума Армия-2019 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2022
Жазылу
Украинадағы арнайы әскери операция жалғасып жатыр, әскери қимыл кезінде ресейлік әскер қарсыласты жоюдың жаңа тактикасы мен жоғары дәлдіктегі құралдарын, соның ішінде шабуылдауға арналған пилотсыз ұшатын техниканы қолданып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украина аспанында ресейлік "Ласточка" және "Ланцет" пилотсыз ұшатын техникалары пайда болып, артиллериялық, зымыран әуедегі шабуылдар арасында Украина Қарулы күштерінің броньдалған технкасын қиратып жатыр.
"Ласточка" кешенінің құрамындағы жаңа жеңіл соққы жасаушы пилотсыз ұшақ арнайы операцияда алғаш рет қолданылып отыр. Бұған дейін "Ласточкалар" Мулино полигонында өткен "Батыс-2021" ре сейлік-беларусь стратегиялық оқу-жаттығулардың негізгі эпизоды кезінде оқ ату-барлау бірыңғай кешенінің құрамында көзге түсті.
Дрон салмағы 280-350 грамм болатын әуе соққыларына бейімделген ГМ-94 гранатометіне арналған 43 миллиметрлі оқ-дәріні алып жүреді. ВКО-25 кумулятивтік гранатасы 200 миллиметрлі броньды тесіп өтуге қабілетті. "Ласточка" салмағы шамамен 7,5 килограмм, салмағы 1,2 килограмм жүк көтеретін, 40 километрге дейінгі қашықтықта ауада 40 сағат ұшуға қабілетті израильдік "Жаворонокқа" (Skylark) ұқсайтынын байқауға болады.
Окоптарда (үйлерде) және орман алқаптарындағы украин жаяу әскерін жою үшін қуаттылығы жоғары (салмағы 5 килограмға дейін) және 60 минутқа дейін ұшу уақыты бар модернизацияланған ресейлік "Ланцет" камикадзе-дроны қолданылады. Броньдалған техникаға соққы жасау үшін кумулятивті оқ-дәрілер қолданылады. "Ланцетте" түйісуге дейінгі жарылу қызметі бар. Модернизацияланған "Ланцеттің" бір үлкен X-тәрізді қанаты, X-тәрізді құйрығы және жетілдірілген аэродинамикасы бар. "Ланцет-3" базалық нұсқасында ұшу салмағы 12 килограмм және 110 км/сағ жылдамдықпен 3 килограмм пайдалы жүкті алып ұшады.
Ресей әскерлері Украинада шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақтарды жүйелі түрде қолданады. Соның бір мысалы ретінде бірнеше Куб-БЛА камикадзе-дрондарының көмегімен Николаев облысы Доброе елді мекенінде қарсыластың шоғырлану орындарын жаппай талқандауын айтуға болады. Сондықтан кеше Украина Қарулы күштерінің Николаевтағы НАТО-ның оқ-дәрілері сақталған қоймасының кеше күлі көкке ұшты деп пайымдауға негіз бар.
"Дрондарды жаппай өндіру және соғыс кезінде пайдалану қазіргі заманғы қарқынды әскери қақтығыстардағы жеңістің кілті болып табылады. Басқарылатын зымырандармен, алыс қашықтыққа ұшатын артиллериялық жүйелермен және жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелермен қатар барлау-соққы жасау және тосқауылдаушы пилотсыз ұшатын ұшақтар ресейлік қару-жарақ бағдарламасының басымдылығына айналып отыр. Мәскеу мен Тегеран арасындағы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінее арналған ирандық пилотсыз ұшатын ұшақтарды жеткізу туралы келісімдерге қатысты Украина алаңдаушылық танытты. Жалпы Ресейде пилотсыз ұшатын техниканының өндірісі қарқынды дамып келеді және бұл үрдіс алдағы жылдары да жалғасады", - деп жазды Хроленко.
АҚШ-тың Колорадо штатында өткен Aspen Security Forum кезінде британдық MI-6 барлау қызметінің басшысы Ричард Мур "жақын уақытта орыстардың күші таусылатынын" айтты. Бұл Киевке қарсы соққы беруге және Украинаның "соғыста жеңіске жете алатыны" туралы Еуропаның есіне салуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Лондон өз аумағында 10 мың украин жауынгері үш апталық оқу-жаттығудан өтетіні туралы мәлімдеді. Украина Қарулы күштерінің штабтарында бригада ауқымында шабуылдау операцияларын ұйымдастыру тәжірибесі жоқ. Себебі олар сегіз жыл бойы қорғаныс пен жасырын әрекетке бағытталғанын іс-қимылды пысықтаған.
Хроленконың пікірінше, арнайы операцияның бес айының ішінде әскери бөлімдердің жеке құрамы түгел дерлік мерт болды. Украинаның әскери авиациясының қалған әуе кемелері ілгері жылжып келе жатқан әскерге әуеден қолдау көрсетуге қауқарсыз.
Украина Қарулы күштері өз қоймаларында шабуылға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрілерді шоғырландыра алмай отыр. Себебі, шоғырлану орындары үнемі ресейлік жоғары дәлдіктегі қару-жарақтың соққыларына тап болып жатыр. Артиллерия, зымыран бөлімшелері, армия авиациясы және Ресей әскери-ғарыш күштері саны мен сапасы жағынан әлдеқайда басым.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0