https://sputnik.kz/20220723/khimikat-aqtobe-video-26300159.html
"Химикат сеуіп жүр": ақтөбеліктердің зәресін ұшырған видеоның мән-жайы белгілі болды
"Химикат сеуіп жүр": ақтөбеліктердің зәресін ұшырған видеоның мән-жайы белгілі болды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған "қауіпті химикаттар" видеосына қатысты түсініктеме берді. 23.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-23T15:35+0500
2022-07-23T15:35+0500
2022-07-23T15:35+0500
өңірлер
химиялық зат
ақтөбе
https://sputnik.kz/img/1423/81/14238183_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_6987d136b19bf044d0ff2baee36cb68b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған "қауіпті химикаттар" видеосына қатысты түсініктеме берді. Ақтөбе облысында тараған видео халықтың зәресін ұшырды. Бейнежазба авторы химикатқа толы көлікті түсіріп, желіге салып жіберді. Оның айтуынша, аймақта қауіпті химикаттарды шашып жүр. Соның салдарынан адамдар тағы да COVID-19 жұқтыра бастады. Ал күзде үкіметтің құпия жоспарына сәйкес елдің барлық өңірі "сары" аймаққа өтеді екен.Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, видеоға дезинфекция жұмыстары түсірілген, деп хабарлайды Stopfake.kz."Бұл видеода облыстың жеке дезинфекциялау қызметтерінің күшімен жәндіктер мен зиянкестерге қарсы жасыл желектерді өңдеу жұмысының барысы көрсетілген. Бұл жұмыс қолданылатын препараттардың регламентіне сәйкес кешкі және түнгі уақытта жүргізіледі. Өңдеу шарасы Ақтөбе қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімімен жасалған шарт бойынша жүзеге асырылды", –деп түсіндірді Байтанаев.Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты, сондықтан коронавирусқа байланысты дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілмейтінін атап өтті.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1423/81/14238183_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_aac604eb4979eb64ee70b1b083eb5445.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
химиялық зат, ақтөбе
"Химикат сеуіп жүр": ақтөбеліктердің зәресін ұшырған видеоның мән-жайы белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған "қауіпті химикаттар" видеосына қатысты түсініктеме берді.
Ақтөбе облысында тараған видео халықтың зәресін ұшырды. Бейнежазба авторы химикатқа толы көлікті түсіріп, желіге салып жіберді. Оның айтуынша, аймақта қауіпті химикаттарды шашып жүр. Соның салдарынан адамдар тағы да COVID-19 жұқтыра бастады. Ал күзде үкіметтің құпия жоспарына сәйкес елдің барлық өңірі "сары" аймаққа өтеді екен.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, видеоға дезинфекция жұмыстары түсірілген, деп хабарлайды
Stopfake.kz.
"Бұл видеода облыстың жеке дезинфекциялау қызметтерінің күшімен жәндіктер мен зиянкестерге қарсы жасыл желектерді өңдеу жұмысының барысы көрсетілген. Бұл жұмыс қолданылатын препараттардың регламентіне сәйкес кешкі және түнгі уақытта жүргізіледі. Өңдеу шарасы Ақтөбе қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімімен жасалған шарт бойынша жүзеге асырылды", –деп түсіндірді Байтанаев.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты, сондықтан коронавирусқа байланысты дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілмейтінін атап өтті.