https://sputnik.kz/20220723/ereymentau-turgyny-korshisin-atyp-tastady-26299016.html
"Шайтан болып елестеді": Ерейментау тұрғыны көршісін атып тастады
"Шайтан болып елестеді": Ерейментау тұрғыны көршісін атып тастады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Ақмола облысында 60 жастағы ер адам "шайтан" болып елестеген көршісін атып тастады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 23.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-23T14:17+0500
2022-07-23T14:17+0500
2022-07-23T14:16+0500
өңірлер
көрші
ерейментау
https://sputnik.kz/img/528/08/5280880_0:1639:3168:3421_1920x0_80_0_0_b627c0867a73f126cac7f9806605d66f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Ақмола облысында 60 жастағы ер адам "шайтан" болып елестеген көршісін атып тастады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.Ер адам қосауыз мылтықпен есік алдына шыққанда оны ешкім байқамаған. Ал 38 жастағы көршісі жайбарақат көлігін қыздырып, жұмысына кеткелі жатқан. Сол кезде оқ атылды. Мылтық даусынан шошып далаға жүгіріп шыққан көршілер жараланған жігітті көрген. Оны Ерейментау аудандық ауруханасына жеткізген. Бірақ ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.Көршісін атып өлтірген қария сол сәтте көз алдына жын-шайтан елестегенін айтады. Сондықтан ауыр қылмысқа қалай барғанын білмейді. Енді оның ақыл-есінің дұрыстығы тексеріледі."Қазір 60 жастағы күдіктіден қару тәркіленді. Өзі тергеу абақтысына қамалды. Аңшы мылтығы заңды тіркеуде болған. Оқиға куәгерлері анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, "адам өлтіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - дейді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
ерейментау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/528/08/5280880_0:1342:3168:3718_1920x0_80_0_0_9f72b02a66637bdeda338be2919f5398.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көрші, ерейментау
"Шайтан болып елестеді": Ерейментау тұрғыны көршісін атып тастады
НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Ақмола облысында 60 жастағы ер адам "шайтан" болып елестеген көршісін атып тастады, деп хабарлайды
КТК телеарнасы. Ер адам қосауыз мылтықпен есік алдына шыққанда оны ешкім байқамаған. Ал 38 жастағы көршісі жайбарақат көлігін қыздырып, жұмысына кеткелі жатқан. Сол кезде оқ атылды. Мылтық даусынан шошып далаға жүгіріп шыққан көршілер жараланған жігітті көрген. Оны Ерейментау аудандық ауруханасына жеткізген. Бірақ ол жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Көршісін атып өлтірген қария сол сәтте көз алдына жын-шайтан елестегенін айтады. Сондықтан ауыр қылмысқа қалай барғанын білмейді. Енді оның ақыл-есінің дұрыстығы тексеріледі.
"Қазір 60 жастағы күдіктіден қару тәркіленді. Өзі тергеу абақтысына қамалды. Аңшы мылтығы заңды тіркеуде болған. Оқиға куәгерлері анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, "адам өлтіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - дейді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.