https://sputnik.kz/20220722/zharaqat-algashqy-komek-travmotolog-26286669.html
Жарақат алғанда көрсетілетін алғашқы көмек – травматолог кеңесі
Жарақат алғанда көрсетілетін алғашқы көмек – травматолог кеңесі
Sputnik Қазақстан
22.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-22T14:22+0500
2022-07-22T14:22+0500
2023-08-11T11:40+0500
дәрігер
жарақат
https://sputnik.kz/img/432/95/4329556_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_9dc6bc0eef55f87dd40067e3288baeef.jpg
АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Жаз айы – демалыс мезгілі. Балалар да жазғы демалысқа шығады. Күнделікті сабақ пен үй тапсырмасынан босатылған олар асыр салып далада ойнайды. Ролик, велосипед теуіп, алаңда доп қуады. Сонымен қоса отбасылық демалысқа шығу жағы жоспарланады. Осы орайда қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан не болмаса абайсызда дене жарақатын алу, қол-аяқ сыну жағдайы жиілейді. Жағдайдың қаншалықты ауыр деңгейде екенін қалай анықтау керек? Алғашқы көмекті қалай көрсетуге болады? Осы сұрақтарға Sputnik Қазақстан тілшісіне травматолог-ортопед Біржан Серікұлы жауап берді. – Жарақат алудың жиі кездесетін жағдайына тоқталсақ. Қол-аяқ шықса, сынса не істеу керек? – Әдетте жарақат алған жерде бірден қатты ауырсыну сезіледі. Сынған немесе бөлінген аяқты қозғалту мүмкін болмайды. Алғашқы көмек – ауырғанды басу. Екінші көмек – ауырған жерді байлап, таңып тастау. Мысалы қолы, иығы, шынтақ сүйек және шыбық сүйектері сынған жағдайда "орамал байлам" әдісімен қолын байлап, мойнына асып қою қажет. Аяғы сынып жатса, аяғына шендеуіш (шина) салу керек. Aлыс жерлерде тұратын науқастарда медициналық шендеуіш табылмаса, қолда бар заттан шендеуіш жасауға болады. Мәселен, ағаштың тақтайшалар немесе бірнеше қабат картон салып қоюға болады. Сондай-ақ қол-аяқты орап, таңып тастау қажет. Сосын медициналық мекемеге алып барып, рентген жасап көру керек. Сынық па, шыққан ба немесе әлдебір жерлерде жарақат бар-жоғын қарап, анықтап және тексеріп, жарақатына қарай дәрігердің кәсіби көмегі көрсетілген дұрыс. – Алған жарақаттың қаншалықты ауыр екенін қалай анықтауға болады? Бұл тек жәй жарақат немесе сіңір тартылуы болуы мүмкін ғой. Қарапайым жарақат әдетте гематомамен, қарапайым тілмен айтқанда, көгерумен бірге жүреді. Бірақ егер ол жұмсақ тіндердің тереңдігінде пайда болса, онда ол бірнеше сағаттан кейін ғана байқалуы мүмкін. Сіңір созылғанда буын маңы ауыра бастайды. Алғашқы көмек – тыныштықты қамтамасыз ету және көгерген жерге суық басы. О сылайша сіз гематоманың көбеюіне жол бермей, сауығуды тездетесіз. Сіңірдің созылуы, сүйектердің сынуы, т.б. жарақаттар. Бұлардың бәріне суық басу керек. Қол-аяқты, бармақты қимылдатпай, орап тастау қажет. Үй жағдайында жарақатқа суық басып, бар болса ауырсынуды басатын дәрі ішіп, сосын дәрігерге қаралу қажет. Егер құлау немесе соққы кезінде адам біраз уақыт есін жоғалтып, содан кейін ол қалпына келді. Бірақ әлсіздік, әлсіздік, жүрек айну сезініп, басы ауырып және айналса онда оның ми шайқалуы мүмкін. Мұндай сәтте дереу мүмкіндігінше травматолог немесе хирург көмегіне жүгініңіз. – Егер зардап шеккен адамда ашық дене жарақаты болса не істеу қажет? Егер қанаған, кесілген жер болса, сабыр сақтау қажет. Дәке орамымен қысып, байлап тастау керек. Кейбіреулер резеңке таңғыш (жгут) салады, ол дұрыс емес. Резеңке таңғышты артерия қан тамырынан қан тоқтамағанда салу керек. Артерия жарақаттанғанда қан бір метр жерге дейін атқылайды. Сондайда ғана резеңке таңғыш салу керек. Егер жай кесіп кеткен жарақаттар болса, дәкемен қысып байлап тастаса, сол жеткілікті. Сосын дәрігерге, жарақат бөліміне келеді. Біз жәрдем береміз. Міндетті түрде сутегі асқын тотығымен (перекись водорода) немесе басқа да антисептикалық құралдармен жараны өңдеңіз. Олар болмай бара жатқан жағдайда арақ, виски, ром сынды алкоголь өнімдерін пайдалануға болады. Егер жара терең болса, одан бөгде заттарды мұқият алып тастаңыз (пинцетпен), жараның шеттерін йодпен немесе зеленкамен емдеңіз. Бірақ ешқандай жағдайда жараның өзіне жақпаңыз бұларды. Содан кейін таңғышты қолдану керек. Ауыр қан кетуді қан кету түріне байланысты жгутпен, таңғышпен немесе жараның үстін немесе жарадан сәл төменірек жерді саусағыңызбен қысып тоқтату керек. Осыдан кейін дереу дәрігер шақырыңыз. – Жаз мезгіліндегі жарақат алудың шомылу маусымына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Су нысандарына барғаннан кейін қаншалықты жиі жарақат алу кездеседі? Суға “балық” болып секіргенді ұнататындар көп жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Олар бұрын барып көрмеген, білмейтін жерлерде таяз суға түседі, секіреді. Ал бұл адамның басы су түбіне тиіп, мойын аймағындағы омыртқаны сындырумен және көбінесе өмір бойы мүгедектікке әкелуі мүмкін. Жарақат алған немесе қайтыс болған сүңгуірлердің 80 проценке жуығы мас күйінде суға түскендер. Жалпы зақымдану жарақаттары көп болады. Мәселен, құлағаннан кейін аяқ-қолдар сыну, шығып кету, сіңірлердің созылуы мен аяқ- қолдар, кеуде мен ішкі органдарды өткір заттардың кесіп кетуі. Қазіргі таңда өкінішке қарай жыртылған жарақаттар мен күйік жарақаттары көптеп кездеседі. Адамдар асығыс жүріп не ішімдік ішіп, жол ережелерін сақтамау салдарынан жиі орын алатын жол апатынан ауыр жарақаттар алып жатады. Кейде жарақаттар жабық жағдайда болады. Мұндайда ең алдымен сабыр сақтау керек. – Жалпы медицина қызметкерлері келгенше сынық кезінде қандай алғашқы көмек көрсетуге болады? Сыну белгілері: қозғалыс немесе жүктеме кезіндегі қатты ауырсыну. Аяқ-қолдың пішіні мен ұзындығының өзгеруі. Аяқ-қол функциясының бұзылуы, жарақат айналасында ісіну мен қанталаудың пайда болуы. Ашық сынықты абайлап, жарақаттанған жерді қозғалтпай, қанды тоқтатыңыз, жараны антисептикалық ерітіндімен емдеп, таза таңғыш салыңыз, егер жақын жерде жақтау (шина) болмаса, кез-келген екі қатты затты тауып, жарақат алған жердің екі жағынан қойып, бинтпен байлап тастаңыз, медициналық топ келгенше, жәбірленушінің тыныштығын қамтамасыз етіңіз. Жабық сынықта алдымен жәбірленушіні қимылсыздандырып, ауырсынуды басуға тырысыңыз, жарақаттанған аймаққа суық басыңыз, науқасқа ыстық шай немесе ауырсынуды басатын дәрі беріңіз. Егер жәбірленушіні ауруханаға өзіңіз тасымалдайтын болсаңыз, сынған жерге жақтау салуыңыз керек. Бұл үшін қолда бар материалдарды (тақтай, шаңғы, таяқ) пайдалануға болады. Тыйым салынатын әрекеттер: зақымдалған аяқ-қолды түзетуге тырыспаңыз. Сүйек сынықтарын жарадан алып шықпаңыз, жәбірленушіні қозғалтпаңыз. Жараға спирт, йод және т.б. ауырсыну шокын тудыртатын заттарды құймаңыз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Еңлік Арықбай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25244741_0:0:1674:1675_100x100_80_0_0_ae4f3d2db8821c59bb810ef96d918a9c.jpg
Еңлік Арықбай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25244741_0:0:1674:1675_100x100_80_0_0_ae4f3d2db8821c59bb810ef96d918a9c.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/432/95/4329556_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_4130510edb8f82d5d577ba9ea6635b1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еңлік Арықбай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25244741_0:0:1674:1675_100x100_80_0_0_ae4f3d2db8821c59bb810ef96d918a9c.jpg
дәрігер, жарақат
АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Жаз айы – демалыс мезгілі. Балалар да жазғы демалысқа шығады. Күнделікті сабақ пен үй тапсырмасынан босатылған олар асыр салып далада ойнайды. Ролик, велосипед теуіп, алаңда доп қуады. Сонымен қоса отбасылық демалысқа шығу жағы жоспарланады.
Осы орайда қауіпсіздік ережесін сақтамағаннан не болмаса абайсызда дене жарақатын алу, қол-аяқ сыну жағдайы жиілейді.
Жағдайдың қаншалықты ауыр деңгейде екенін қалай анықтау керек? Алғашқы көмекті қалай көрсетуге болады? Осы сұрақтарға
Sputnik Қазақстан тілшісіне травматолог-ортопед Біржан Серікұлы жауап берді.
– Жарақат алудың жиі кездесетін жағдайына тоқталсақ. Қол-аяқ шықса, сынса не істеу керек?
– Әдетте жарақат алған жерде бірден қатты ауырсыну сезіледі. Сынған немесе бөлінген аяқты қозғалту мүмкін болмайды. Алғашқы көмек – ауырғанды басу. Екінші көмек – ауырған жерді байлап, таңып тастау. Мысалы қолы, иығы, шынтақ сүйек және шыбық сүйектері сынған жағдайда "орамал байлам" әдісімен қолын байлап, мойнына асып қою қажет. Аяғы сынып жатса, аяғына шендеуіш (шина) салу керек. Aлыс жерлерде тұратын науқастарда медициналық шендеуіш табылмаса, қолда бар заттан шендеуіш жасауға болады.
Мәселен, ағаштың тақтайшалар немесе бірнеше қабат картон салып қоюға болады. Сондай-ақ қол-аяқты орап, таңып тастау қажет. Сосын медициналық мекемеге алып барып, рентген жасап көру керек. Сынық па, шыққан ба немесе әлдебір жерлерде жарақат бар-жоғын қарап, анықтап және тексеріп, жарақатына қарай дәрігердің кәсіби көмегі көрсетілген дұрыс.
– Алған жарақаттың қаншалықты ауыр екенін қалай анықтауға болады?
Бұл тек жәй жарақат немесе сіңір тартылуы болуы мүмкін ғой. Қарапайым жарақат әдетте гематомамен, қарапайым тілмен айтқанда, көгерумен бірге жүреді. Бірақ егер ол жұмсақ тіндердің тереңдігінде пайда болса, онда ол бірнеше сағаттан кейін ғана байқалуы мүмкін. Сіңір созылғанда буын маңы ауыра бастайды. Алғашқы көмек – тыныштықты қамтамасыз ету және көгерген жерге суық басы. О сылайша сіз гематоманың көбеюіне жол бермей, сауығуды тездетесіз.
Сіңірдің созылуы, сүйектердің сынуы, т.б. жарақаттар. Бұлардың бәріне суық басу керек. Қол-аяқты, бармақты қимылдатпай, орап тастау қажет. Үй жағдайында жарақатқа суық басып, бар болса ауырсынуды басатын дәрі ішіп, сосын дәрігерге қаралу қажет. Егер құлау немесе соққы кезінде адам біраз уақыт есін жоғалтып, содан кейін ол қалпына келді. Бірақ әлсіздік, әлсіздік, жүрек айну сезініп, басы ауырып және айналса онда оның ми шайқалуы мүмкін. Мұндай сәтте дереу мүмкіндігінше травматолог немесе хирург көмегіне жүгініңіз.
– Егер зардап шеккен адамда ашық дене жарақаты болса не істеу қажет?
Егер қанаған, кесілген жер болса, сабыр сақтау қажет. Дәке орамымен қысып, байлап тастау керек. Кейбіреулер резеңке таңғыш (жгут) салады, ол дұрыс емес. Резеңке таңғышты артерия қан тамырынан қан тоқтамағанда салу керек. Артерия жарақаттанғанда қан бір метр жерге дейін атқылайды. Сондайда ғана резеңке таңғыш салу керек. Егер жай кесіп кеткен жарақаттар болса, дәкемен қысып байлап тастаса, сол жеткілікті. Сосын дәрігерге, жарақат бөліміне келеді. Біз жәрдем береміз.
Міндетті түрде сутегі асқын тотығымен (перекись водорода) немесе басқа да антисептикалық құралдармен жараны өңдеңіз. Олар болмай бара жатқан жағдайда арақ, виски, ром сынды алкоголь өнімдерін пайдалануға болады. Егер жара терең болса, одан бөгде заттарды мұқият алып тастаңыз (пинцетпен), жараның шеттерін йодпен немесе зеленкамен емдеңіз. Бірақ ешқандай жағдайда жараның өзіне жақпаңыз бұларды. Содан кейін таңғышты қолдану керек. Ауыр қан кетуді қан кету түріне байланысты жгутпен, таңғышпен немесе жараның үстін немесе жарадан сәл төменірек жерді саусағыңызбен қысып тоқтату керек. Осыдан кейін дереу дәрігер шақырыңыз.
– Жаз мезгіліндегі жарақат алудың шомылу маусымына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Су нысандарына барғаннан кейін қаншалықты жиі жарақат алу кездеседі?
Суға “балық” болып секіргенді ұнататындар көп жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Олар бұрын барып көрмеген, білмейтін жерлерде таяз суға түседі, секіреді. Ал бұл адамның басы су түбіне тиіп, мойын аймағындағы омыртқаны сындырумен және көбінесе өмір бойы мүгедектікке әкелуі мүмкін. Жарақат алған немесе қайтыс болған сүңгуірлердің 80 проценке жуығы мас күйінде суға түскендер. Жалпы зақымдану жарақаттары көп болады.
Мәселен, құлағаннан кейін аяқ-қолдар сыну, шығып кету, сіңірлердің созылуы мен аяқ- қолдар, кеуде мен ішкі органдарды өткір заттардың кесіп кетуі. Қазіргі таңда өкінішке қарай жыртылған жарақаттар мен күйік жарақаттары көптеп кездеседі. Адамдар асығыс жүріп не ішімдік ішіп, жол ережелерін сақтамау салдарынан жиі орын алатын жол апатынан ауыр жарақаттар алып жатады. Кейде жарақаттар жабық жағдайда болады. Мұндайда ең алдымен сабыр сақтау керек.
– Жалпы медицина қызметкерлері келгенше сынық кезінде қандай алғашқы көмек көрсетуге болады?
Сыну белгілері: қозғалыс немесе жүктеме кезіндегі қатты ауырсыну. Аяқ-қолдың пішіні мен ұзындығының өзгеруі. Аяқ-қол функциясының бұзылуы, жарақат айналасында ісіну мен қанталаудың пайда болуы. Ашық сынықты абайлап, жарақаттанған жерді қозғалтпай, қанды тоқтатыңыз, жараны антисептикалық ерітіндімен емдеп, таза таңғыш салыңыз, егер жақын жерде жақтау (шина) болмаса, кез-келген екі қатты затты тауып, жарақат алған жердің екі жағынан қойып, бинтпен байлап тастаңыз, медициналық топ келгенше, жәбірленушінің тыныштығын қамтамасыз етіңіз.
Жабық сынықта алдымен жәбірленушіні қимылсыздандырып, ауырсынуды басуға тырысыңыз, жарақаттанған аймаққа суық басыңыз, науқасқа ыстық шай немесе ауырсынуды басатын дәрі беріңіз. Егер жәбірленушіні ауруханаға өзіңіз тасымалдайтын болсаңыз, сынған жерге жақтау салуыңыз керек. Бұл үшін қолда бар материалдарды (тақтай, шаңғы, таяқ) пайдалануға болады. Тыйым салынатын әрекеттер: зақымдалған аяқ-қолды түзетуге тырыспаңыз. Сүйек сынықтарын жарадан алып шықпаңыз, жәбірленушіні қозғалтпаңыз. Жараға спирт, йод және т.б. ауырсыну шокын тудыртатын заттарды құймаңыз.