Оқиға

Теңіз кенішінде 11 адам дереу ауруханаға жеткізілді

Тамақтану
Тамақтану - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде жұмысшылар жаппай тамақтан уланды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Астан ұшынған 11 науқас дереу Жылыой ауданындағы инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Одан бөлек тағы жиырмадан астам мұнайшы өзін жайсыз сезініп, дәрігер көмегіне жүгінген. Олардың жүрегі айнып, құсып, іші өткен. Тіпті дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген.
"Тағамдық токсикоинфекция" диагнозы қойылып отыр. Аурухана төсегіне таңылғандар - "Isker" мердігерлік компаниясының жұмысшылары. Ал асханасы "Каз Пром Строй Инжиниринг" серіктестігіне тиесілі. Қазір асхана жұмысы уақытша тоқтатылды. Тексеріс шаралары басталды.
Тағамдардан алынған сынамалар "Ұлттық сараптама орталығының" зертханасына жіберілді.
Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешеваның айтуынша, жұмысшылардың барлығы бір жерден тамақ ішкен.
"Isker" ЖШС жұмысшылары таңғы асты да, түскі асты да, кешкі асты да бір жерден жейді екен. Ол Isker Каз Пром Строй Инжиниринг Isker жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Жұмысшылардың шағымы бірдей, аурудың клиникалық белгілері бір", - дейді Бекешева.
Жаңалықтар
0