Өңірлер

Қазақстанда демалыс күндері ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуПоля с подсолнухами в Краснодарском крае
Поля с подсолнухами в Краснодарском крае - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Жазылу
Еліміздің тек оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Республиканың батысында 23-25 шілде аралығында 38 градусқа дейін, ал оңтүстігінде 46 градусқа дейін өте қатты ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.
"Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. 25 шілде күні елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі", – делінген хабарламада.
Еліміздің тек оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады. Ал Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Күндізгі уақытта республиканың батыс бөлігінің жартысында ауа температурасы +27 +42С-тан +23 +35С-қа дейін төмендейді.
Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі. Мұнда термометрлер + 25 +38С белгісіне жетеді.
Республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46С дейін өте қатты ыстық болады.
Жаңалықтар
0