https://sputnik.kz/20220722/pavlodar-zheo-ort-qazandyq-agregat-26271520.html
Павлодардағы өрт: ЖЭО-да №5 қазандық агрегаты мен №5 турбогенератор тоқтатылды
Павлодардағы өрт: ЖЭО-да №5 қазандық агрегаты мен №5 турбогенератор тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Өрт сөндірушілер сағат 20.34-те өрттің бетін қайтарды. Осыдан кейін бірден жанудың жасырын ошақтарын іздеуге кірісті. Тілсіз жау 22.39-да толықтай сөндірілді 22.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-22T07:37+0500
2022-07-22T07:37+0500
2022-07-22T07:37+0500
өңірлер
павлодар
өрт
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/15/26267746_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_5ccfcb190753046f902ea35009e5b6c3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Павлодар ЖЭО-дағы өрт толықтай сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz."Павлодарэнерго" АҚ ақпаратына сәйкес, №5 қазандық агрегаты мен №5 турбогенератор жұмысы тоқтатылды. Өрт орнына жақын орналасқан электр жабдықтар зардап шекпеген. Станция аз уақыт ішінде жұмыс режимін қалпына келтіруге уәде береді.Еске сала кетсек, бейсенбі кешке Павлодарда ЖЭО-3-те №3 турбиналық цех ғимаратының жанында орналасқан трансформатор жанды. Сондай-ақ, цехтағы трансформатор майы мен қуаттау кабельдері отқа оранды.Төтенше оқиға өндірістік процеске және тұтынушыларға электр энергиясын беруге әсер етпейтіні атап өтілді. Өрттің ауданы мен себебі анықталып жатыр.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/15/26267746_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_064f01570ef6142c49aa35444b6840f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, өрт, жылу электр орталығы
павлодар, өрт, жылу электр орталығы
Павлодардағы өрт: ЖЭО-да №5 қазандық агрегаты мен №5 турбогенератор тоқтатылды
Өрт сөндірушілер сағат 20.34-те өрттің бетін қайтарды. Осыдан кейін бірден жанудың жасырын ошақтарын іздеуге кірісті. Тілсіз жау 22.39-да толықтай сөндірілді
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде - Sputnik. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Павлодар ЖЭО-дағы өрт толықтай сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды
Pavlodarnews.kz.
"Павлодарэнерго" АҚ ақпаратына сәйкес, №5 қазандық агрегаты мен №5 турбогенератор жұмысы тоқтатылды.
"Қазіргі уақытта екі қазандық агрегат пен екі турбогенератор жұмыс істеп тұр. Станцияның жұмыс режимі технологиялық нұсқаулықтарға және апатты жою жоспарына сәйкес қалпына келтіріледі. Тұтынушыларды жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша шектеу жоқ", - деп түсіндірді компанияда.
Өрт орнына жақын орналасқан электр жабдықтар зардап шекпеген. Станция аз уақыт ішінде жұмыс режимін қалпына келтіруге уәде береді.
Еске сала кетсек, бейсенбі кешке Павлодарда ЖЭО-3-те №3 турбиналық цех ғимаратының жанында орналасқан трансформатор жанды. Сондай-ақ, цехтағы трансформатор майы мен қуаттау кабельдері отқа оранды.
Төтенше оқиға өндірістік процеске және тұтынушыларға электр энергиясын беруге әсер етпейтіні атап өтілді.
Өрттің ауданы мен себебі анықталып жатыр.