Өңірлер

Павлодар облысында дүлей дауыл мектеп пен дәрігерлік бөлімшені шатырсыз қалдырды

© PhotoТөтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы ұйымдастырылды
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы ұйымдастырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Жазылу
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы ұйымдастырылды
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Павлодар облысының Железинка ауданында дауыл бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Жергілікті тұрғындардың мүлкіне де зақым келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, 21 шілдеде Железинка ауданында қатты дауыл болды. Сол кезде Алакөл ауылында бір қабатты фельдшерлік-акушерлік бекеттің шатыры бұзылды. Құрылыстың жалпы ауданы – 187 шаршы метр.
Қазгидрометтің ақпараты бойынша желдің жылдамдығы секундына 16 метрге дейін жеткен.
© PhotoПавлодар облысында дүлей дауыл мектеп пен дәрігерлік бөлімшені шатырсыз қалдырды
Ветер сорвал крыши со школы и фельдшерско-акушерского пункта в Павлодарской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Павлодар облысында дүлей дауыл мектеп пен дәрігерлік бөлімшені шатырсыз қалдырды
Ал Петропавловка ауылында дүлей дауыл жалпы білім беретін мектептің шатырын ұшырып әкетті. Енді 50 шаршы метрді қайта жөндеу керек.
Бұдан бөлек, жеке меншік үйлердің шатырына да зақым келген. Шарбақтар бұзылған. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы ұйымдастырылды. Сол ғимараттар мен үй-жайларды қалпына келтіру мәселесі қаралды.
Жаңалықтар
0