Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан "сары" аймақта тұр: 23 шілдеден бастап карантин күшейтіледі

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа кіргеннен кейін елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қалада карантиндік шектеулерді қатаңдату туралы қаулыға қол қойды.
Қаулыда мынадай шектеу шаралары ұсынылды:
адам көп жиналатын орындарда (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер, стадиондар және басқа да спорт нысандары), ұйымдасқан ұжымдарда және қалалық қоғамдық көлікте бетперде кию. Бес жасқа дейінгі балаларға және тамақтану кезінде маска қажет емес;
қатысушылар саны 10 адамнан асатын жиындарды (отырыстар) қашықтан өткізу форматына ауыстыру;
жүкті әйелдерді, денсаулығына байланысты вакцина салдыра алмайтын қызметкерлерді және коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдарды (міндеттерін қашықтан орындай алмайтын қызметкерлерді қоспағанда) қашықтан жұмыс істеу форматына көшіру;
тұрғындар арасында коронавирусқа қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (шараларды топтарда өткізуге рұқсат етілген);
адам көп жиналатын объектілерде, соның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына халық арасында коронавирусқа қарсы вакциналау мен ревакцинацияны жандандыру тапсырылды.
Осы қаулы биыл 23 шілдеден бастап күшіне енеді.
Жаңалықтар
0