АҚШ Ресейді "терроризмді демеуші" мемлекет деп тануы мүмкін

© Photo : Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел РФ Сергей Лавров (справа) и государственный секретарь США Энтони Блинкен во время встречи на полях Арктического совета в Рейкьявике.
Министр иностранных дел РФ Сергей Лавров (справа) и государственный секретарь США Энтони Блинкен во время встречи на полях Арктического совета в Рейкьявике.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2022
Жазылу
Әдетте, "терроризмді демеуші мемлекет" мәртебесін Мемлекеттік департамент Вашингтон алдында кінәлі болып қалған елдерге береді. Бірақ оның қазіргі басшысы Тони Блинкен Ресеймен қарым-қатынаста мұны орындауға асығар емес. Ол сәуірде сенат алдында сөз сөйлеген кезде "бұл анықтаманы Ресейге қатысты қоддануға негіз бар екеніне сенімді болу керек" екенін айтты, деп жазды РИА Новости.
Алайда америкалық Мемлекеттік департамент заңгерлері мұны анықтауға ұзақ уақыт жұмсап жатыр. Сондықтан болар, күні кеше конгрестегі демократиялық партия спикері Нэнси Пелоси Блинкенге қоңырау соғып, егер Мемлекеттік департамент бұл мәселені созбақтай берер болса, Ресейді "терроризмнің демеушісі" деп тану туралы заңды конгресс арқылы өткізетінін мәлімдеді.
Елді "терроризмнің демеушісі" деп тану туралы заң қабылдау процедурасы біршама ауыр, бірақ демократтар саны Конгресте басым шақта бұл жүзеге асуы ықтимал шара болып тұр. Тағы бір мәселе, қарашадағы сайлауда демократтар бұл басымдықты жоғалтатыны анық. Сондықтан Пелоси сайлауға дейін заң жобасын Конгресс пен Сенат қарауына өткізіп үлгере ме деген сауал туындап отыр. Оның үстіне тамыз демалысы да жақындап қалды.
Жалпы бұл заң қабылданса, Вашингтон не ұтады? Теория бойынша, АҚШ "терроризмнің демеушісі" деп таныған мемлекеттегі дипломатиялық тұлғалардан иммунитет алынып тасталады, ал сол елге қатысты санкциялар қолданылуы мүмкін.
Көп ғасырлық тарихта Ресей АҚШ-пен дипломатиялық байланысты талай рет үзген. Соның бірі ретінде, 1917-1933 жалдар аралығында аталған екі мемлекет арасында мүлде байланыс болмағанын айтуға болады. Ал 1933 жылы Ұлы дағдарыс салдарынан аштық басталған жылдары Вашингтон байланысты жаңғыртуға әрекет етті. Сондықтан қазіргі басталып жатқан рецессия америкалықтарды осы қадамға қайта итермелеуі ықтимал деп болжауға негіз бар.
Ал санкцияларға келер болсақ, арнайы операцияға дейін де бірнеше рет енгізілген санкциялар Украинадағы әскери іс-қимылдан кейін тағы қайталанды. Алайда енгізілген санкциялардың салдары басқа тарапқа да ауқымды сезілгендіктен, Вашингтон ол шектеулердің бірінің күшін жойып, бірін қайта енгізе бастады. Соның қатарында тыңайтқыштар мен азық-түлік, содан кейін ауыл шаруашылығы, медицина және энергетика саласындағы транзакциялар бар. Егер жаңа санкциялар энергетика секторына қатысты болса, онда Ресей АҚШ-қа америкалық атом электр станциялары үшін өмірлік маңызыбар байытылған уранды жеткізуден бас тартады. Сонда олар өз азаматтарын электр энергиясымен қалай қамтамасыз етеді?
"Жалпы "терроризмді демеуші мемлекет" деген атауды белгілеп үйренген АҚШ өз аумағын басқа елді отарлау арқылы қалыптастырғанына тарих куә. Сондықтан адамдарды өлімнен құтқаруға әрекет етіп жатқан Ресейге бұл атауды беру ешкімнің бұған сенуіне ықпал ете алмайды. Қытайлар айтқандай, бұл керісінше, Ресейдің қоғамдық пікірдегі мәртебемсін арттыра түседі", - деп жазды мақала авторы.
Анығында, мемлекеттік хатшы Тони Блинкен америкалық саясаттың бұл құралының ешқандай әсері жоқ екенін анық біліп отыр. Себебі, мемлекеттік департамент "терроризмді демеуші мемлекет"деп танығандар қатарында қазір төрт ел – Иран, Сирия, Куба, Корея Халық Демократиялық Республикасы тұр. Бұл мәртебеден осы аталған елдерде өзгере қойған ештеңе жоқ. Халқы билікті құлатуға тырысып жатқан жоқ, керісінше, қалыпты тіршілігін жасап жүр. Армия мен әскери-өнеркәсіптік кешен, мектептер мен оқу орындары, медицина мен өндіріс тұрақты жұмыс істеп тұр. Экономикасы бұдан да жақсы болғаны дұрыс еді. Дегенмен "терроризмге демеушілік жасамайтын" кейбір мемлекеттің экономикасы аталған төрт елдікінен әлдеқайда төмен екені жасырын емес.
Америкалықтар Ресейге осы мәртебені белгілеу арқылы оны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен шығаруды көздеп отырған болар. Бірақ ұйым регламенті мұндай әрекетке қарсы. Ресей – вето құқығы бар Қауіпсіздік кеңесінің негізін қалаушы ел және тұрақты мүшесі. Мұны бұзу үшін америкалықтарға толықтай БҰҰ-ны қиратуға тура келеді. Ал Вашингтонда ондай қауқар жоқ екені анық.
Жаңалықтар
0