https://sputnik.kz/20220721/zhurnalist-abzhannyn-isi-antikor-26254833.html
Журналист Абжанның ісі: Антикор отбасының есепшоттары бұғатталғанын жоққа шығарды
Журналист Абжанның ісі: Антикор отбасының есепшоттары бұғатталғанын жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық журналист әрі блогер Махамбет Абжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 3 шілдеде ұстады 21.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-21T12:05+0500
2022-07-21T12:05+0500
2022-07-21T12:05+0500
журналист
отбасы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23504479_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_90af344d08fc31a7d400308b94e66738.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі журналист және блогер Махамбет Абжанның отбасы мүшелерінің есепшоттары бұғатталмағанын хабарлады. "Телеграм-арналардың бірінде күдікті Абжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларының банк есепшоттарына шектеу қойылғаны жазылған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз", - деп жазылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдемесінде. Бұған дейін Абжанның 11 жасар қызының есепшоты бұғатталғаны хабарланған болатын. Қазақстандық журналист әрі блогер Махамбет Абжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 3 шілдеде ұстады. Оған журналистің кәсіпкерлерді бопсалауы себеп болған. Махамбет Абжан желілік басылым ашқан. Оның мақсаты "Инсайдер, тергеу және репортаж" деп көрсетілген. Telegram-да Абжан каналына 19 мыңға жуық адам жазылған.
https://sputnik.kz/20220716/mukhamediuly-isi-ulttyq-muzeyde-zhurgizilgen-zhumystardyn-quny-12-mlrd-tengege-ulgaytylgan-26160050.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23504479_92:0:2821:2047_1920x0_80_0_0_452c4c5c0b994dbc6326ed8899f95edb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист, отбасы
Журналист Абжанның ісі: Антикор отбасының есепшоттары бұғатталғанын жоққа шығарды
Қазақстандық журналист әрі блогер Махамбет Абжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 3 шілдеде ұстады
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі журналист және блогер Махамбет Абжанның отбасы мүшелерінің есепшоттары бұғатталмағанын хабарлады.
"Телеграм-арналардың бірінде күдікті Абжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларының банк есепшоттарына шектеу қойылғаны жазылған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз", - деп жазылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдемесінде.
Бұған дейін Абжанның 11 жасар қызының есепшоты бұғатталғаны хабарланған болатын.
Қазақстандық журналист әрі блогер Махамбет Абжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 3 шілдеде ұстады. Оған журналистің кәсіпкерлерді бопсалауы себеп болған.
Махамбет Абжан желілік басылым ашқан. Оның мақсаты "Инсайдер, тергеу және репортаж" деп көрсетілген. Telegram-да Абжан каналына 19 мыңға жуық адам жазылған.