Қазақстанның солтүстігіндегі өзеннің бірінде 400 кг балық өлді

© Sputnik / Елена БережнаяГибель рыбы в Северо-Казахстанской области
Гибель рыбы в Северо-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Бұл – бір апта ішінде осы ауданда балық өлімі дерегі тіркелген екінші жағдай
ПЕТРОПАВЛ, 21 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында көлде 400 килограмм балық өлді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Балықтың қырылуы Жамбыл ауданының Тұзды (Айтуар) көлінде тіркелді. Оқиға орнына облыстық экология департаменті, Есіл облысаралық бассейндік инспекциясы, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Жамбыл ауданының ветеринарлық қызметі, балық шаруашылығы ғылыми өндіріс орнынының қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы барды.
"Жұмыс тобы су қоймасының жағалау сызығын тексерді. Тексеру барысында 400 кг мөлшерінде балықтың (пелядь, тұқы, мөңке) ішінара өлгені анықталды. Зертханалық талдау жүргізу мақсатында судың сынамалары, сондай-ақ өлі балықтың ұшалары алынды. Осы су айдыны бекітілген балық шаруашылығының "Водолей-2017" ЖШС субъектісі өлген балықты жинап, кәдеге жаратты", - деп хабарлады облыстық экология департаменті.
Ведомство зерттеу жүргізгеннен кейін балықтың қайтыс болу себептері туралы қосымша хабарланатынын айтты.
Айта кетейік, осы аптада сол аймақтағы Табунное көлінде балықтың қырылуы тіркелді. Ал көктемде аймақта нағыз балық індеті болды. Балық өлімі аймақтың жеті су қоймасында тіркеліп, онда 800 кг өлі балық жиналып, жойылды.
Ол кезде балықтардың қырылуы су объектілерінің таяз жерлерінің ішінара қатып қалуынан болды.
Жаңалықтар
0