https://sputnik.kz/20220721/qazaqstandyqtardyn-quqyq-qorgau-organdaryna-senimi-tomendedi-26251574.html
Қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі төмендеді
Қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі төмендеді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Қазақстандықтар арасында өзін қауіпсіздікте сезіну деңгейі мен құқық қорғау органдарына деген сенім төмендеді. 21.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-21T13:31+0500
2022-07-21T13:31+0500
2022-07-21T13:31+0500
қазақстандықтар
құқыққорғаушы
https://sputnik.kz/img/1399/51/13995158_0:20:3339:1898_1920x0_80_0_0_efee17ee41a686e02d7578e2f951046d.jpg
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Қазақстандықтар арасында өзін қауіпсіздікте сезіну деңгейі мен құқық қорғау органдарына деген сенім төмендеді. Ranking.kz сайты биыл қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін анықтауға бағытталған зерттеудің қорытындысын жариялады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан. Сәуір мен мамырда жүргізілген зерттеуге сәйкес, елдің барлық өңірінде сауалнамаға қатысқандардың 58,3 проценті тұрғылықты жерінде, далада серуендеу кезінде өзін толық қауіпсіз сезінетінін айтқан. Ал былтыр қараша-желтоқсанда бұл көрсеткіш 58,8 процент, ал бір жыл бұрын 60,6 процент болған. Сайтта жарияланған зерттеуге сәйкес: Сауалнама қорытындысына сәйкес 62 процент ер адамдар, 55 процент әйелдер өзін толық қауіпсіздікте сезінген. Ал әйелдердің 40,6 проценті және ерлердің 34,6 проценті қауіпсіздікті сезінбейтінін айтқан. Бір жыл ішінде "құқық қорғау органдарына сенуге болады" деген пікірмен толық келісетіндердің үлесі азайған, яғни сенім деңгейі төмендеген: Сондай-ақ құқық қорғау органдарына сенбейтіндердің үлесі де артқан: Былтыр тұрғылықты жеріндегі қылмыс деңгейінің өскенін айтқан азаматтардың үлесі 2022 жылдың сәуір-мамырында бір жылда 2,6 проценттен 1,9 процентке дейін төмендеді. Қылмыс деңгейі төмендеді деп есептейтін азаматтардың үлесі 40 проценттен 40,9 процентке дейін өсті. Қылмыс деңгейінің өзгеріссіз қалғанын айтқан респонденттер үлесі 2021 жылдың сәуір мен мамырындағы 34,7 проценттен был сол кезеңде 34,4 процентке дейін төмендеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1399/51/13995158_303:0:3034:2048_1920x0_80_0_0_3aa5bc9ac4fc52bcd5c7f8c0dc654782.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандықтар, құқыққорғаушы
қазақстандықтар, құқыққорғаушы
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Қазақстандықтар арасында өзін қауіпсіздікте сезіну деңгейі мен құқық қорғау органдарына деген сенім төмендеді.
Ranking.kz сайты биыл қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін анықтауға бағытталған зерттеудің қорытындысын жариялады, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан.
Сәуір мен мамырда жүргізілген зерттеуге сәйкес, елдің барлық өңірінде сауалнамаға қатысқандардың 58,3 проценті тұрғылықты жерінде, далада серуендеу кезінде өзін толық қауіпсіз сезінетінін айтқан. Ал былтыр қараша-желтоқсанда бұл көрсеткіш 58,8 процент, ал бір жыл бұрын 60,6 процент болған.
Сайтта жарияланған зерттеуге сәйкес:
37,8% – өздерін жеткілікті мөлшерде қауіпсіздікте сезінеді;
2,7% – өзін қауіпсіздікте сезінбейді;
0,4% – мүлдем қауіпсіздікте сезінбейді;
0,7% – өз қауіпсіздігі туралы сұраққа жауап беруге қиналған.
Сауалнама қорытындысына сәйкес 62 процент ер адамдар, 55 процент әйелдер өзін толық қауіпсіздікте сезінген.
Ал әйелдердің 40,6 проценті және ерлердің 34,6 проценті қауіпсіздікті сезінбейтінін айтқан. Бір жыл ішінде "құқық қорғау органдарына сенуге болады" деген пікірмен толық келісетіндердің үлесі азайған, яғни сенім деңгейі төмендеген:
37,5 проценті прокуратураға;
24,4 проценті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке;
22,2 проценті экономикалық тергеу қызметіне.
Сондай-ақ құқық қорғау органдарына сенбейтіндердің үлесі де артқан:
1.
полиция органдарына жалпы сенімсіздікпен қарайтындар - 2,6 процеттен 2 процентке,
2.
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сенбейтіндер 1,2 проценттен 1,9 процентке,
3.
прокуратура органдарына сенбейтіндер 1,9 проценттен 1,5 процент,
4.
экономикалық тергеу қызметіне сенбейтіндер 1,4 проценттен 1,2 процентке өскен.
Былтыр тұрғылықты жеріндегі қылмыс деңгейінің өскенін айтқан азаматтардың үлесі 2022 жылдың сәуір-мамырында бір жылда 2,6 проценттен 1,9 процентке дейін төмендеді.
Қылмыс деңгейі төмендеді деп есептейтін азаматтардың үлесі 40 проценттен 40,9 процентке дейін өсті. Қылмыс деңгейінің өзгеріссіз қалғанын айтқан респонденттер үлесі 2021 жылдың сәуір мен мамырындағы 34,7 проценттен был сол кезеңде 34,4 процентке дейін төмендеді.