https://sputnik.kz/20220721/qazaqstanda-mausym-temperatura-26264433.html
Қазақстанда маусым айында температура деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті
Қазақстанда маусым айында температура деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. "Казгидромет" метеорологиялық қызметі Қазақстанда 2022 жылы маусым айында тіркелген рекордтық температура деңгейін жариялады. 21.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-21T18:15+0500
2022-07-21T18:15+0500
2022-07-21T18:15+0500
ауа райы
https://sputnik.kz/img/07e6/05/02/24589630_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_7d32e0e116dbe6edba3ffe84f68b34d2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. "Казгидромет" метеорологиялық қызметі Қазақстанда 2022 жылы маусым айында тіркелген рекордтық температура деңгейін жариялады. Рекордты ыстық 8 маусымда Қарағанды метеорологиялық станциясында ауаның ең жоғары температурасы +34,0С құрады. Осылайша 1994 жылы тіркелген рекорд бұзылды (+33,7С). Ал 11 маусымда Өскемен МС-да ауаның ең жоғары температурасы +37,2С болды, соңғы рет ауаның бұндай жоғары температурасы 2003 жылы байқалды. Елдің оңтүстік жартысында, қарқынды жылу толқыны айдың басында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында байқалды. Күндізгі ауа температурасы +38, +44 градусқа дейін көтерілді. Мәселен, 25 маусымда Қызылорда метеорологиялық станциясында ең жоғары ауа температурасы тіркелді, ол +44,2С-ты құрады, осылайша 2000 жылдың 25 маусымы +41,9С белгісіне жеткен рекорд жаңартылды. Жезқазған МС-да болса ауа температурасы +41,9С, +42,0С-қа дейін барды, соңғы рет мұндай жоғары ауа температурасы 1998 жылы (+39,7С) байқалды. 27 маусымда Ақтауда ауа температурасы +43,1С белгісіне жетіп, 2021 жылғы рекордтан асып түсті (+39,6С). 29 маусымда Алматы қаласында ең жоғары ауа температурасы 1998 жылғы рекордты (+34,6С) жаңартты – +35,5С құрады. Таразда ең жоғары ауа температурасы +41,0С болды, ол өз кезегінде 1994 жылғы осы күнгі рекордты (+37,8С) жаңартты. Ал Шымкент қаласында болса, тіптен бүкіл ай бойы ауа температурасы +40,4С-тан түспеді. Түркістанда ең жоғары ауа температурасы +43,0С болды, осылайша 1993 жылғы рекорд жаңартылды. Ол күні ең жоғары ауа температурасы +40,8С болған еді. Жел де рекордты болды Бұдан басқа Алматы облысында бір ай ішінде, ал Павлодар облысында айдың соңында қатты жел секілді қолайсыз метеорологиялық жағдайлар байқалды. Олар өз кезегінде АГҚ өлшемдеріне (Апатты гидрометеорологиялық құбылыс) алып келді. Мәселен, Достық (Алматы облысы) автоматты метеостанциясында (АМС) 01, 06, 13, 28 маусым күндері солтүстік-батыст желі күшейіп, екпіні 31-40 м/с дейін барды. Нұр-Сұлтан қаласында ең жоғары ауа температурасы 25 маусымда тіркелді, бұл күні термометрлер бағандары + 38,0С-ты көрсетті. Бірақ өткен жылдың рекордтарын жаңарту болған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/02/24589630_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_6a2f302fc80f25aa95aa14dd7d27b379.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. "Казгидромет" метеорологиялық қызметі Қазақстанда 2022 жылы маусым айында тіркелген рекордтық температура деңгейін жариялады.
Рекордты ыстық 8 маусымда Қарағанды метеорологиялық станциясында ауаның ең жоғары температурасы +34,0С құрады. Осылайша 1994 жылы тіркелген рекорд бұзылды (+33,7С). Ал 11 маусымда Өскемен МС-да ауаның ең жоғары температурасы +37,2С болды, соңғы рет ауаның бұндай жоғары температурасы 2003 жылы байқалды.
Елдің оңтүстік жартысында, қарқынды жылу толқыны айдың басында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында байқалды. Күндізгі ауа температурасы +38, +44 градусқа дейін көтерілді.
Мәселен, 25 маусымда Қызылорда метеорологиялық станциясында ең жоғары ауа температурасы тіркелді, ол +44,2С-ты құрады, осылайша 2000 жылдың 25 маусымы +41,9С белгісіне жеткен рекорд жаңартылды.
Жезқазған МС-да болса ауа температурасы +41,9С, +42,0С-қа дейін барды, соңғы рет мұндай жоғары ауа температурасы 1998 жылы (+39,7С) байқалды.
27 маусымда Ақтауда ауа температурасы +43,1С белгісіне жетіп, 2021 жылғы рекордтан асып түсті (+39,6С). 29 маусымда Алматы қаласында ең жоғары ауа температурасы 1998 жылғы рекордты (+34,6С) жаңартты – +35,5С құрады.
Таразда ең жоғары ауа температурасы +41,0С болды, ол өз кезегінде 1994 жылғы осы күнгі рекордты (+37,8С) жаңартты.
Ал Шымкент қаласында болса, тіптен бүкіл ай бойы ауа температурасы +40,4С-тан түспеді.
Түркістанда ең жоғары ауа температурасы +43,0С болды, осылайша 1993 жылғы рекорд жаңартылды. Ол күні ең жоғары ауа температурасы +40,8С болған еді.
Бұдан басқа Алматы облысында бір ай ішінде, ал Павлодар облысында айдың соңында қатты жел секілді қолайсыз метеорологиялық жағдайлар байқалды. Олар өз кезегінде АГҚ өлшемдеріне (Апатты гидрометеорологиялық құбылыс) алып келді.
Мәселен, Достық (Алматы облысы) автоматты метеостанциясында (АМС) 01, 06, 13, 28 маусым күндері солтүстік-батыст желі күшейіп, екпіні 31-40 м/с дейін барды.
Нұр-Сұлтан қаласында ең жоғары ауа температурасы 25 маусымда тіркелді, бұл күні термометрлер бағандары + 38,0С-ты көрсетті. Бірақ өткен жылдың рекордтарын жаңарту болған жоқ.