https://sputnik.kz/20220721/qazaqstan-qyrgyzstan-su-elektr-stantsiyasy-26253774.html
Қазақстан Қырғызстанның су электр станциясын салу идеясын қолдайды
Қазақстан Қырғызстанның су электр станциясын салу идеясын қолдайды
Sputnik Қазақстан
Қамбар-Ата ГЭС-1 су қоймасында 5 миллиард текше метр су жинауға болады 21.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-21T11:36+0500
2022-07-21T11:36+0500
2022-07-21T11:50+0500
саясат
қазақстан
қырғызстан
су
https://sputnik.kz/img/07e6/07/15/26249756_0:99:1280:819_1920x0_80_0_0_a3fece2ebec48e711c21ec3e79fc9cd5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстан Қырғызстанда Қамбар-Ата ГЭС-1 салу идеясын қолдайды, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның айтуынша, Қазақстан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара тиімді пайдалану үшін бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді. Тоқаев республика Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы елдердің өзара іс-әрекетін нығайтуға шақыратынын айтып, қор аясындағы ынтымақтастық жалғаса беретініне сенім білдірді. Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, Қамбар-Ата ГЭС-1 су қоймасында 5 миллиард текше метр су жинауға болады. Қырғызстан үкіметі бұл су тапшылығының энергетика саласына тигізетін кері әсерін шешеді деп үміттеніп отыр. Қырғызстанда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтіп жатыр. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері қатысуда. Орталық Азия елдері көшбасшыларының бірінші саммиті 2018 жылдың көктемінде Қазақстанда, екіншісі – 2019 жылы Өзбекстанда, үшінші – 2021 жылы Түрікменстанда өткен.
https://sputnik.kz/20220721/toqaev-memleketaralyq-shekara-26251760.html
қазақстан
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/15/26249756_29:0:1252:917_1920x0_80_0_0_f9f2e7c4b4bdcc532c54450fbf114032.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қырғызстан, су
қазақстан, қырғызстан, су
Қазақстан Қырғызстанның су электр станциясын салу идеясын қолдайды
11:36 21.07.2022 (жаңартылды: 11:50 21.07.2022) Қамбар-Ата ГЭС-1 су қоймасында 5 миллиард текше метр су жинауға болады
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстан Қырғызстанда Қамбар-Ата ГЭС-1 салу идеясын қолдайды, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, Қазақстан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара тиімді пайдалану үшін бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді.
"Осы тұрғыда Қырғызстанда Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысының жобасы белсенді түрде талқыланып жатыр. Су электр станциясы Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді", - деді Тоқаев Орталық Азия мемлекеттер басшыларының IV консультативтік кездесуінде.
Тоқаев республика Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы елдердің өзара іс-әрекетін нығайтуға шақыратынын айтып, қор аясындағы ынтымақтастық жалғаса беретініне сенім білдірді.
Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, Қамбар-Ата ГЭС-1 су қоймасында 5 миллиард текше метр су жинауға болады. Қырғызстан үкіметі бұл су тапшылығының энергетика саласына тигізетін кері әсерін шешеді деп үміттеніп отыр.
Қырғызстанда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі өтіп жатыр. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері қатысуда.
Орталық Азия елдері көшбасшыларының бірінші саммиті 2018 жылдың көктемінде Қазақстанда, екіншісі – 2019 жылы Өзбекстанда, үшінші – 2021 жылы Түрікменстанда өткен.