Экономика

Қазақстанда микрокредит бойынша сыйақының шекті мәнін төмендету ұсынылды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2022
Жазылу
Қазір кепілсіз микронесие бойынша шекті ставка 25 процентті құрайды
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанда микрокредит сыйақысының шекті мәнін өзгерту жоспарланып отыр.
Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Оған сәйкес, микронесиелер бойынша сыйақының шекті мәнін 5 процентке төмендету көзделген.
"Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні берілген микрокредит сомасының 20 пайызы мөлшерінде белгіленсін. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.
Бұл шара микрокредит алатын адамдардың борыштық жүктемесін шектеу мақсатында қолға алынып отыр.
Құжат 4 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылды.
Жаңалықтар
0