Путин жаңа әлемдік тәртіп орнап жатқанын айтты

© Sputnik / Михаил Метцель / Медиабанкке өтуПрезидент РФ В. Путин принял участие в заседании ЕАЭС
Президент РФ В. Путин принял участие в заседании ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2022
Жазылу
Батыстағы сыншылардың көбі Ресейдің жаңа идеялар мен болашақтың үлгісіне қатысты әлеме беретін ештеңесі жоқ дегенді жиі айтады. Батыс жаһанданудың англосаксондық үлгісінің орнына не ұсына алар екен, деп жазды РИА Новости.
Жақында ғана Ресей президенті Владимир Путин осы сұраққа арнайы мақала немесе сөз сөйлеуі кезінде жауап беруге уәде етті. Ал әзірше ол соңғы аптада осымен үшінші рет жаңа дәуірдің басталатыны туралы айтты.
Сәрсенбіде "Жаңа уақытқа арналған қуатты идеялар" атты Жаңа жобаларды сүйемелдеу жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігінің форумында сөз сөйлеген Путин қайтадана жаңа әлемдік тәртіп туралы, "революциялық трансформациялар бірте-бірте қарқын алып жатқаны" туралы айтты.
"Бұл ауқымды өзгерістер қалай да болатыны анық. Ұлттық және жаһандық деңгейде де үйлесімді, әлдеқайда әділ, әлеуметтік бейімделген және қауіпсіз әлемдік тәртіптің негіздері мен қағидддалары қалыптасуы жүріп жатыр. Ол өркениеттің дамуын тежеп отырған қазіргі бірполярлы әлем тәртібінің орнын алмастырады".
Путин көптен бері жаһанданудың атлантикалық жобасын сынап жүр. Бірақ соңғы кездері өте өткір сын айтып жүр:
"Алтын миллиард деп аталатын жаппай үстемдік ету үлгісі әділ емес. Не себепті ол "алтын миллиард" ғаламшардағы басқа халыққа үстемдік етіп, өз ережелерін енгізіп, өз мүдделеріне ғана негізделетін қағидаларды қолданысқа енгізуі керек? Ол қағидалар халықты бірінші және екінші сұрыпқа бөлетіндіктен, оны жалпы мәні бойынша нәсілшілдік пен жаңғырған отаршылдық деуге болады. Ал оның негізінде жатқан жаһандық, либералды идеологияда көбіне тоталитаризм белгілері көп.
Путин Батыс әлемге болашақтың үлгісін ұсына алмай отырғандай ой қалыптасатынын айтты. Ол "алтын миллиард" тектен-тек бұл дәрежеге жетпегенімен, мұның барлығын бір ғана жүзеге асырылған идеялардың жемісі деп қарауға болмайтынын мәлімдеді.
"Бұл дәрежеге басқа мемлекеттерді тонаудың арқасында жеткені жасырын емес. Сондықтан бүгінде "алтын миллиард" элитасы әлемнің басқа даму орталықтары өз нұсқаларын ұсынады деп үрейленеді. Дегенмен, батыс пен ұлттық деңгейден жоғары элита қазіргі тәртіпті сақтауға қанша тырысса да, әлем тарихындағы жаңа дәуір, жаңа кезең басталып жатыр", - деді Владимир Путин.
Путиннің жаһандық либерализмді сынауын оны коммунистік үгіт-насихатты қолдайды деп пайымдауға болмайды. Ресейлік президенттің әлеуметтік әділдік пен коммунистік идеалды қолдайтынына қарамастан, оны коммунистер қатарына жатқызу жарамас. Ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да коммунистік көзқарас белгілері байқалмайды. Бар болғаны, кеңестік уақытта Батыс туралы айтқандардың басым бөлігі ақиқат болып шықты. Себебі, кееңестік коммунистік басшылар әлемдік тарих пен геосаясат жайлы жете түсіне білген.
Тарихта КСРО үнемі Батысқа балама, жаңа, басқа әлем, әділдік орнаған мемлекет, бүкіл әлемді жарқын болашаққа жетелейтін ел ретіне таныстырылды. Мәселе КСРО-да шындығында қандай жағдай болып жатқанында емес, мәселе ол әлем аренасына қандай идеялар ұсынғанында болып отыр. Өзі сол идеяларға сенуді доғарғанға дейін ол идеялар сәтті насихатталып жатты.
"Ресей өзі коммунистік идеалдар мен социалистік мемлекеттен бас тартты. Қазір оған не себеп болғаны маңызды емес. Дегенмен, бүкіл әлем алдында КСРО, ал қазір Ресей қуатты, тәуелсіз, мемлекет идеалдарын басшылыққа алатын және жаһандық көшбасшылыққа таласа алатын мемлекет ретінде танылып отыр", - деп жазды автор.
Мақала авторының пікірінше, КСРО идеология мен прагматизм, әлемдік революцияға ұмтылысты үйлестіре білген. Сондықтан батыстық емес елдер оны революциялық мемлекет ретінде қабылдады. Қытай, Үндістан, Азия, Африка мен Латын Америкасы КСРО-ны "әділ әлемге бастайтын және қуаттыларға тойтарыс бере алатын" ел ретінде көріп отыр.
Сондықтан ққазір жарты мыңжылдық дәуірі аяқталып жатқан шақта КСРО-ның ХХ ғасырдағы рөлі туралы естеліктер пайдаға асатыны анық. Себебі КСРО үнемі Батысты нәсілшілдік пен отаршылдыққа айыптап келді. Ал батыстық емес елер бұл айыптаудың негізсіз емес екенін жақсы түсініп отыр.
Ресей осы ғасырда-ақ Батысқа тойтарыс беруден қаймықпай келеді. Ол ең алдымен бірполярлы әлеммен келіспейтінін айтып, кейіннен Батысқа балама болатын көп қырлы құрылымдар түзе бастады. Тап қазір Путин батыстық емес әлемге тығырыққа тірелген жаһандық англосаксондар жобасына балама ұсынып жатқан жоқ. Ол әлсіреп жатқан үстемдік етуші тараптың орнын алмастыруды қаламайды. Бар болғаны "бірыңғай идеясы бар бірыңғай адамзат өркениетін" құруды ұсынады.
Жаңалықтар
0