Павлодар жылу энергетикалық орталығында өрт шықты

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской областиӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2022
Жазылу
"Павлодарэнерго" АҚ ЖЭО-3 аумағында жеке тұрған трансформатор өртенді
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Павлодар 3-ЖЭО-да трансформатор өртенді. Оқиға орнында өңірдің ТЖД, апаттар медицинасы орталығы және "Семсер-өрт сөндіруші" ЖШС қызметкерлері жұмыс істеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар 3-ЖЭО аумағындағы түтінді қала тұрғындары байқаған. Солтүстік өнеркәсіптік аймақта трансформатор жанғаны белгілі болды.
"21 шілде күні сағат 18:25-те "Павлодарэнерго" АҚ ЖЭО-3 аумағында жеке тұрған трансформатор жанып жатқаны туралы хабарлама түскен", - деп хабарлады энергетика және ТКШ басқармасында.
Өртті сөндіруге барлығы 33 адам мен он техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, өңірдің энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Салханов орын алған жағдай қаладағы су мен жылу беруге әсер етпейтінін хабарлады.
ТЖД баспасөз қызметі трансформаторлық майдың трансформатордан төгілмей жанғанын хабарлады.
"Трансформатор №3 турбина цехының ғимаратына жақын орналасқан. Қазіргі уақытта ашық жану жоқ. Сондай-ақ, кернеуде тұрған цехтың ішінде кернеу кабельдері жанды. Электр энергиясын өшіру кезең-кезеңмен жүргізіледі", - деді ведомствода.
Жаңалықтар
0