https://sputnik.kz/20220721/ozbekstan-qaraqalpaqstan-totenshe-zhagday-26249820.html
Өзбекстан президенті Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтатты
Өзбекстан президенті Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтатты
Sputnik Қазақстан
4 шілдеде Өзбекстан парламенті наразылық білдірушілер талап еткен Қарақалпақстанның егемендігін білдіретін мәртебені сақтау туралы шешім қабылдады 21.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-21T12:41+0500
2022-07-21T12:41+0500
2022-07-21T12:41+0500
өзбекстан
қарақалпақстан
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/18/18484534_0:0:2998:1686_1920x0_80_0_0_4e332cbf60aca6a821b1354f175ef871.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев шілде айының басында тәртіпсіздіктерге байланысты Қарақалпақстан республикасында енгізілген төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы әкімшілік басшысының орынбасары, президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады."Президент Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан республикасы Жоғарғы кеңесінің үндеуін назарға алған. Сондай-ақ өңірде қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін, азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қамтамасыз етілгенін ескере отырып, Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойылды", - деп жазды Асадов өзінің Telegram каналында. Еске салсақ, Қарақалпақстанның астанасы Нүкісте 1 шілдеде Өзбекстан Конституциясына енгізілген түзетулерге байланысты заңсыз демонстрация өткен болатын. Жергілікті биліктің айтуынша, аймақтағы билікті басып алуға тырысқан тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар тобы ұсталды. Кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда 3 шілдеден 2 тамызға дейін төтенше жағдай режимін, сондай-ақ көрсетілген кезеңге коменданттық сағат енгізген еді. 3 шілде күні Мирзиеевтің қатысуымен өткен селектор барысында Қарақалпақстандағы жағдай тұрақталып, қалыпты жағдайға оралғаны атап өтілді. Нақтыланған мәлімет бойынша тәртіпсіздіктер барысында 21 адам қаза болған. 274 адам зардап шекті, 516 адам, оның ішінде шетел азаматтары ұсталды. Кейін елдің бас прокуратурасы Өзбекстан Қылмыстық кодексінің "Конституциялық құрылысқа қолсұғушылық" бабы бойынша 14 адам ұсталғанын хабарлады. 4 шілдеде Өзбекстан парламенті наразылық білдірушілер талап еткен Қарақалпақстанның егемендігін білдіретін мәртебені сақтау туралы шешім қабылдады.
өзбекстан
қарақалпақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/18/18484534_293:0:2541:1686_1920x0_80_0_0_f2ac31be646aae67170d43d583f44e68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, қарақалпақстан, төтенше жағдай
өзбекстан, қарақалпақстан, төтенше жағдай
Өзбекстан президенті Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтатты
4 шілдеде Өзбекстан парламенті наразылық білдірушілер талап еткен Қарақалпақстанның егемендігін білдіретін мәртебені сақтау туралы шешім қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев шілде айының басында тәртіпсіздіктерге байланысты Қарақалпақстан республикасында енгізілген төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы әкімшілік басшысының орынбасары, президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.
"Президент Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан республикасы Жоғарғы кеңесінің үндеуін назарға алған. Сондай-ақ өңірде қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін, азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қамтамасыз етілгенін ескере отырып, Қарақалпақстан аумағында төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойылды", - деп жазды Асадов өзінің Telegram каналында.
Еске салсақ, Қарақалпақстанның астанасы Нүкісте 1 шілдеде Өзбекстан Конституциясына енгізілген түзетулерге байланысты заңсыз демонстрация өткен болатын. Жергілікті биліктің айтуынша, аймақтағы билікті басып алуға тырысқан тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар тобы ұсталды.
Кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда 3 шілдеден 2 тамызға дейін төтенше жағдай режимін, сондай-ақ көрсетілген кезеңге коменданттық сағат енгізген еді. 3 шілде күні Мирзиеевтің қатысуымен өткен селектор барысында Қарақалпақстандағы жағдай тұрақталып, қалыпты жағдайға оралғаны атап өтілді.
Нақтыланған мәлімет бойынша тәртіпсіздіктер барысында 21 адам қаза болған. 274 адам зардап шекті, 516 адам, оның ішінде шетел азаматтары ұсталды. Кейін елдің бас прокуратурасы Өзбекстан Қылмыстық кодексінің "Конституциялық құрылысқа қолсұғушылық" бабы бойынша 14 адам ұсталғанын хабарлады.
4 шілдеде Өзбекстан парламенті наразылық білдірушілер талап еткен Қарақалпақстанның егемендігін білдіретін мәртебені сақтау туралы шешім қабылдады.