https://sputnik.kz/20220721/ministrlik-askeri-tekhnika-satyp-alu-26266985.html
Министрлік әскери техника сатып алуға қатысты ақпараттың бұрмаланғанын мәлімдеді
Министрлік әскери техника сатып алуға қатысты ақпараттың бұрмаланғанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған 82 млрд теңгеге броньды техника сатып алуға қатысты ақпараттың... 21.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-21T19:47+0500
2022-07-21T19:47+0500
2022-07-21T19:47+0500
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/1369/87/13698749_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_d045bdf49c1d62955507e7304153af8f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған 82 млрд теңгеге броньды техника сатып алуға қатысты ақпараттың бұрмаланғанын мәлімдеді.Министрліктің хабарлауынша, бұл қаржы 8 жылда сатып алуға жұмсалатын техниканың сомасы. БАҚ-та тараған ақпаратта "Қазақстан әскері 82 млрд-тан аса қаражатқа 168 "Арлан" бронды техникасын сатып алады", "Бұл 82 млрд теңгеге сатып алынған техника Қазақстанға 2023 жылы жеткізіледі" деген тақырыпта тараған болатын.Министрліктің мәліметінше, ресми деректерге қарамастан, сайттардың басты беттерінде "сатып алынады", "жеткізіледі" деген етістіктерді келер шақта қолдана отырып, мәтінде дұрыс сома көрсетілмеген ақпарат қайталанып жарияланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1369/87/13698749_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_95aa62a7856d432100425b17d07a2c09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі
Министрлік әскери техника сатып алуға қатысты ақпараттың бұрмаланғанын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған 82 млрд теңгеге броньды техника сатып алуға қатысты ақпараттың бұрмаланғанын мәлімдеді.
Министрліктің хабарлауынша, бұл қаржы 8 жылда сатып алуға жұмсалатын техниканың сомасы. БАҚ-та тараған ақпаратта "Қазақстан әскері 82 млрд-тан аса қаражатқа 168 "Арлан" бронды техникасын сатып алады", "Бұл 82 млрд теңгеге сатып алынған техника Қазақстанға 2023 жылы жеткізіледі" деген тақырыпта тараған болатын.
"Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың депутаттық сауалға берген жауабында "Қазақстан Парамаунт инжиниринг" ЖШС-нен "Арлан" 4х4 бронды көлігін сатып алатыны жөнінде мәлім еткен. Онда аталған әскери техниканы сатып алу 2016 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі аралықта іске асатыны айтылған болатын. Бұл дегеніміз 82 млрд теңге қаражатқа аталған техниканы сегіз жыл ішінде сатып алуды білдіреді", - делінген министрлік мәлімдемесінде.
Министрліктің мәліметінше, ресми деректерге қарамастан, сайттардың басты беттерінде "сатып алынады", "жеткізіледі" деген етістіктерді келер шақта қолдана отырып, мәтінде дұрыс сома көрсетілмеген ақпарат қайталанып жарияланды.