Өңірлер

Атығай Арыстанов Жетісу облысының бас полицейі болды

© министерство внутренних дел Республики КазахстанАтығай Арыстанов
Атығай Арыстанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев таныстырды.

Атығай Арыстанов туралы не білеміз

Атығай Ғазымбекұлы Арыстанов 1971 жылы 19 қарашада Қостанай облысында дүниеге келген.
Білімі – құқықтану, құқық қорғау қызметінің магистрі. 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2005 жылы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының магистратурасын тәмамдады.
Ішкі істер органдарында 1992 жылдың желтоқсанынан бері қызмет етеді. Еңбек жолын жедел қызметкерден бастаған, жедел жұмыс пен қызмет басшысына дейін әр түрлі лауазымдарды атқарды.
2008-2010 жылдары – Алматы қаласы ішкі істер департаменті Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының бастығы;
2010-2012 жылдары – Ақмола облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы;
2012-2016 жылдары – Қостанай облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары;
2016 жылы – ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары;
2016-2019 жылдары – ҚР ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы;
2019-2021 жылдары – Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы.
2021 жылғы 16 қазаннан бастап – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы. ІІ дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік марапатының иегері.
Жаңалықтар
0