Қоғам

Жерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жасанды тапшылық тудырып отыр– бас прокуратура

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2022
Жазылу
Қазіргі таңда елімізде 15 млн гектар жайылым жетіспейді
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда 18 млн гектар бос жайылым анықталған. Тағы 3 млн га жайылымның заңсыз берілгені белгілі болды.
Олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн гектары айналымға тартылды.
"Прокурорлар жүргізген жұмыстың нәтижелері учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудырып отырғанын көрсетті. Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылып отыр", - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, бүгінде елімізде шамамен 15 млн га қоғамдық жайылым жетіспейді. Осыған байланысты жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы проблемаға айналған.
Бас прокуратура жағдайды жақсарту үшін биыл ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мемлекетке қосымша 5 млн гектарды қайтаруды жоспарлап отыр.
"Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарын бекітті. Бұл ауылдардың маңындағы жайылымдардың жеке адамдарға өтіп кетуіне жол бермейді", - дейді бас прокуратура.
Жайылымдарды беру кезіндегі заңбұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, соның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеті үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Жайылымдарды ұтымды пайдалану және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады.
Жаңалықтар
0