https://sputnik.kz/20220720/tegeran-sammiti-putin-malimdeme-26237906.html
Тегеран саммиті: Путин қандай мәлімдеме жасады
Тегеран саммиті: Путин қандай мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Иранда Сириядағы реттеуді жеңілдету жөніндегі Астана процесіне кепіл мемлекеттер көшбасшыларының үшжақты кездесуі өтті 20.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-20T20:54+0500
2022-07-20T20:54+0500
2022-07-20T20:54+0500
әлем
владимир путин
тегеран
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26225130_0:0:680:383_1920x0_80_0_0_addf963b1a812b5b64bc0ce95f9d25a6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Кездесу барысында Ресей президенті Владимир Путин Сирия Араб Республикасындағы дағдарысты кешенді шешуге ықпал ету бойынша Ресей, Иран және Түркияның бірлескен жұмысының тиімділігін атап өтті. "Ресей көмегі мен қолдауының арқасында Сириядағы зорлық-зомбылық деңгейі айтарлықтай төмендеді, бейбіт өмір жанданып, экономика мен әлеуметтік сала біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр. Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254-қарары негізінде реттеудің маңызды саяси және дипломатиялық процесі басталды", - деді Путин. Оның айтуынша, "астаналық үштік" Сириядағы жағдайды толық қалпына келтіруге және елде тұрақты бейбітшілік пен азаматтық келісімді орнатуға бағытталған жұмыстарда негізгі рөл атқаруды жалғастыра беруі керек. Путин Ресей Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын берік ұстанатынын атап өтті. Ол сондай-ақ саммит соңында бекітуге дайындалған, үшжақты форматтағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындайтын бірлескен мәлімдеме жобасын Ресейдің қолдайтынын айтты. Сонымен қатар Владимир Путин Сирияға қарсы санкциялар қайғылы салдарғы әкеліп соқтыратынын, елдегі халықтың көбі кедейлік шегінде төмен өмір сүріп жатқанын айтты. "Сирияға және Сирия халқына салынған бұл санкциялар қайғылы салдарға әкеліп соғуда. Қазір олардың 90%-ке жуығы кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Бұл өте ауыр жағдай", - деді Путин үшжақты кездесуден кейін. Ол Азия елдеріне Украинадағы жағдайды реттеу бойынша ұсынған делдалдық қызметтері үшін алғысын білдірді. "Түркияның, сондай-ақ басқа елдердің ұсыныстарына келетін болсақ, мысалы, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері өз делдалдығын ұсынды. Біз осы дағдарысты реттеуге мүдделі мемлекеттердің барлығына ұсыныстары үшін ризамыз. Дағдарысты реттеуге қандай да бір үлес қосуға деген ұмтылыс – игі іс", - деді Путин. Путиннің пікірінше, Сирияға гуманитарлық көмектің барлығы ресми жергілікті билік арқылы өтуі керек. "Барлық гуманитарлық көмек Сирияның ресми билігі арқылы өтуі керек", - деді Путин "Астана" процесінің кепіл мемлекеттері (Ресей, Иран, Түркия) көшбасшыларының үшжақты кездесуінен кейін. Сондай-ақ, ресейлік президент Сирия мәселесінде Ресей, Түркия және Иран арасында аздаған келіспеушіліктер бар екенін, бірақ барлық тарап бұл елдегі терроризмді жою керектігі туралы ойды толығымен мақұлдайтынын айтты. "Әрине, келіспеушіліктер бар, бірақ біз бәріміз конституциялық процесті қолдаймыз және біздің күш-жігеріміздің арқасында осы уақытқа дейін қарсы түрлі тараптарды: оппозицияны, Сирия Араб Республикасының ресми билік өкілдерін, сарапшылар мен қоғамдық құрылымдардың, Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерін бір келіссөз алаңында біріктіру мүмкін болып отыр", - деді Путин. Кездесу қорытындысы бойынша Сирияға қатысты бірлескен мәлімдеме қабылданды. Астана форматындағы келесі саммит Ресейде өтеді деп жоспарланып отыр.
тегеран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26225130_85:0:645:420_1920x0_80_0_0_36bb607406934afd0a102663894ffe23.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, тегеран
Тегеран саммиті: Путин қандай мәлімдеме жасады
Иранда Сириядағы реттеуді жеңілдету жөніндегі Астана процесіне кепіл мемлекеттер көшбасшыларының үшжақты кездесуі өтті
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Кездесу барысында Ресей президенті Владимир Путин Сирия Араб Республикасындағы дағдарысты кешенді шешуге ықпал ету бойынша Ресей, Иран және Түркияның бірлескен жұмысының тиімділігін атап өтті.
"Ресей көмегі мен қолдауының арқасында Сириядағы зорлық-зомбылық деңгейі айтарлықтай төмендеді, бейбіт өмір жанданып, экономика мен әлеуметтік сала біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр. Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254-қарары негізінде реттеудің маңызды саяси және дипломатиялық процесі басталды", - деді Путин.
Оның айтуынша, "астаналық үштік" Сириядағы жағдайды толық қалпына келтіруге және елде тұрақты бейбітшілік пен азаматтық келісімді орнатуға бағытталған жұмыстарда негізгі рөл атқаруды жалғастыра беруі керек.
Путин Ресей Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі, бірлігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын берік ұстанатынын атап өтті. Ол сондай-ақ саммит соңында бекітуге дайындалған, үшжақты форматтағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындайтын бірлескен мәлімдеме жобасын Ресейдің қолдайтынын айтты.
"Біз сириялық инклюзивті саяси диалогты ілгерілету бойынша нақты қадамдарды келісу, яғни сириялықтардың өздері сырттан араласусыз өз елінің тағдырына қатысты шешім қабылдай алатын жағдай жасау туралы келісімімізді іс жүзінде жүзеге асыруды жақын болашақтағы міндет деп санаймыз", - деді ол.
Сонымен қатар Владимир Путин Сирияға қарсы санкциялар қайғылы салдарғы әкеліп соқтыратынын, елдегі халықтың көбі кедейлік шегінде төмен өмір сүріп жатқанын айтты.
"Сирияға және Сирия халқына салынған бұл санкциялар қайғылы салдарға әкеліп соғуда. Қазір олардың 90%-ке жуығы кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Бұл өте ауыр жағдай", - деді Путин үшжақты кездесуден кейін.
Ол Азия елдеріне Украинадағы жағдайды реттеу бойынша ұсынған делдалдық қызметтері үшін алғысын білдірді.
"Түркияның, сондай-ақ басқа елдердің ұсыныстарына келетін болсақ, мысалы, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері өз делдалдығын ұсынды. Біз осы дағдарысты реттеуге мүдделі мемлекеттердің барлығына ұсыныстары үшін ризамыз. Дағдарысты реттеуге қандай да бір үлес қосуға деген ұмтылыс – игі іс", - деді Путин.
Путиннің пікірінше, Сирияға гуманитарлық көмектің барлығы ресми жергілікті билік арқылы өтуі керек.
"Барлық гуманитарлық көмек Сирияның ресми билігі арқылы өтуі керек", - деді Путин "Астана" процесінің кепіл мемлекеттері (Ресей, Иран, Түркия) көшбасшыларының үшжақты кездесуінен кейін.
Сондай-ақ, ресейлік президент Сирия мәселесінде Ресей, Түркия және Иран арасында аздаған келіспеушіліктер бар екенін, бірақ барлық тарап бұл елдегі терроризмді жою керектігі туралы ойды толығымен мақұлдайтынын айтты.
"Әрине, келіспеушіліктер бар, бірақ біз бәріміз конституциялық процесті қолдаймыз және біздің күш-жігеріміздің арқасында осы уақытқа дейін қарсы түрлі тараптарды: оппозицияны, Сирия Араб Республикасының ресми билік өкілдерін, сарапшылар мен қоғамдық құрылымдардың, Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдерін бір келіссөз алаңында біріктіру мүмкін болып отыр", - деді Путин.
Кездесу қорытындысы бойынша Сирияға қатысты бірлескен мәлімдеме қабылданды. Астана форматындағы келесі саммит Ресейде өтеді деп жоспарланып отыр.