https://sputnik.kz/20220720/talapkerlerdin-otinishterin-qabyldau-merzimi-26239815.html
Талапкерлердің өтінішін қабылдау мерзімі екі күнге ұзартылды
Талапкерлердің өтінішін қабылдау мерзімі екі күнге ұзартылды
Sputnik Қазақстан
103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы өтініш берген 20.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-20T19:04+0500
2022-07-20T19:04+0500
2022-07-20T19:06+0500
білім
талапкерлер
https://sputnik.kz/img/615/84/6158424_0:117:2017:1251_1920x0_80_0_0_7dd0d089e81d37d5046287d550b03501.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлердің өтінішін ескере отырып, білім беру гранттары конкурсына өтінім қабылдау мерзімін 2 күнге ұзартты. 22 шілдеге дейін қабылданады.Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына шекті деңгейден өткен 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы өтініш берген. Былтыр 88 мың талапкер шекті деңгейден өтті, алайда гранттар конкурсына барлығы 77 мың адам қатысты. Осы көрсеткішті ескере отырып, биыл 92 мың өтініш қабылданады деп болжанып отыр.Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу және құжаттарды тапсыру үшін талапкерлердің жеке куәлігі, ҰБТ сертификаты, орта білім туралы аттестат (ТжКБ ұйымдарының түлектеріне арналған диплом) және жеңілдік санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін басқа да растайтын құжаттар болуы қажет. Медициналық анықтама тамыз айында басталатын университетке қабылдау кезінде ғана қажет.
https://sputnik.kz/20220614/sayasat-nurbek-bala-kipr-25517387.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/615/84/6158424_96:0:1919:1367_1920x0_80_0_0_9fac3da44ed82cabf2a3308c8237701b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талапкерлер
Талапкерлердің өтінішін қабылдау мерзімі екі күнге ұзартылды
19:04 20.07.2022 (жаңартылды: 19:06 20.07.2022) 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы өтініш берген
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде - Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлердің өтінішін ескере отырып, білім беру гранттары конкурсына өтінім қабылдау мерзімін 2 күнге ұзартты. 22 шілдеге дейін қабылданады.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына шекті деңгейден өткен 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы өтініш берген.
Былтыр 88 мың талапкер шекті деңгейден өтті, алайда гранттар конкурсына барлығы 77 мың адам қатысты. Осы көрсеткішті ескере отырып, биыл 92 мың өтініш қабылданады деп болжанып отыр.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу және құжаттарды тапсыру үшін талапкерлердің жеке куәлігі, ҰБТ сертификаты, орта білім туралы аттестат (ТжКБ ұйымдарының түлектеріне арналған диплом) және жеңілдік санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін басқа да растайтын құжаттар болуы қажет.
Медициналық анықтама тамыз айында басталатын университетке қабылдау кезінде ғана қажет.