https://sputnik.kz/20220720/qostanay-oblysy-zhol-apaty-feldsher-26234902.html
Жүргізуші мас болған: Қостанай облысында жол апатынан фельдшер көз жұмды
Жүргізуші мас болған: Қостанай облысында жол апатынан фельдшер көз жұмды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қостанай облысында Арқалық – Торғай автожолында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза болды... 20.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-20T15:38+0500
2022-07-20T15:38+0500
2023-08-10T11:58+0500
оқиға
қостанай облысы
фельдшер
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_568:242:3779:2048_1920x0_80_0_0_340970e1db8bf4002edb76e92dbaf9b8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қостанай облысында Арқалық – Торғай автожолында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза болды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.Жол апаты сейсенбі, 19 шілде 22.30-да болды. Дала жолымен келе жатқан Chevrolet Niva жүргізушісі маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қосалқы жолдан басты жолға шыға бергенде Жангелді аудандық орталық ауруханасының санитарлық арнайы автокөлігі – УАЗ-бен соқтығысқан.Салдарынан соңғы көлікте отырған фельдшер ажал құшты. Әйел алған жарақатынан ауруханада жан тапсырды. Санитарлық автокөліктің жүргізушісі жарақат алды.Сараптама нәтижесінде Chevrolet Niva көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мас болғаны анықталды.Полиция Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 3-тармағы "Адам өліміне әкеп соққан, жүргізушінің мас күйде жол ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Кінәлі адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20220716/ystyqkolde-zhol-apatynan-qazaqstandyq-zhattyqtyrushy-qaza-boldy-26162075.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/19/16391530_969:360:3220:2048_1920x0_80_0_0_8de4cd2d6d84cc84674f62c85b082fb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, фельдшер, жол апаты
қостанай облысы, фельдшер, жол апаты
Жүргізуші мас болған: Қостанай облысында жол апатынан фельдшер көз жұмды
15:38 20.07.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Қостанай облысында Арқалық – Торғай автожолында жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан бір адам қаза болды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты сейсенбі, 19 шілде 22.30-да болды. Дала жолымен келе жатқан Chevrolet Niva жүргізушісі маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қосалқы жолдан басты жолға шыға бергенде Жангелді аудандық орталық ауруханасының санитарлық арнайы автокөлігі – УАЗ-бен соқтығысқан.
Салдарынан соңғы көлікте отырған фельдшер ажал құшты. Әйел алған жарақатынан ауруханада жан тапсырды. Санитарлық автокөліктің жүргізушісі жарақат алды.
Сараптама нәтижесінде Chevrolet Niva көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мас болғаны анықталды.
Полиция Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 3-тармағы "Адам өліміне әкеп соққан, жүргізушінің мас күйде жол ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Кінәлі адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.