Білім

Мектептерде оқу жылын ұзарту жоспарланып отыр

© Sputnik / Абзал Калиев Казахстанские школьники
 Казахстанские школьники - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2022
Жазылу
Бұйрық жобасы орта білім беру ұйымдарында 2022–2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңін айқындайды
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі оқу жылын ұзартуға арналған бұйрық жобасын әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұйрыққа сәйкес, оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 апта болса, 2-11 (12) сыныптарда 36 апта оқиды. Оқу жылы ішіндегі каникулдардың кезеңі де белгіленіп отыр. Олар:
күзгі каникул – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны – 6 қарашасы аралығында);
қысқы – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығында);
көктемгі – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығында);
1-сыныптарға қосымша каникул – 7 күн (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығында) беріледі.
Бұйрық жобасы орта білім беру ұйымдарында 2022–2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңін айқындайды.
"Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, "күрделі" тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге мүмкіндік береді", - делінген жобада.
Сондай-ақ, жазғы уақытта каникул күндерін қысқартудың нәтижесінде құқықбұзушылық азаяды деген болжам бар.
Жаңалықтар
0