Кәрім Мәсімовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

© Sputnik / Владислав ВодневГлава КНБ Карим Масимов на заседании правительства
Глава КНБ Карим Масимов на заседании правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2022
Жазылу
Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті комитеттің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен орынбасарларын қамауға алу мерзімін ұзартады.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті К.К. Мәсімов, А.Т.Сәдіқұлов, Д.Е.Ерғожинге қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 175 б, 1 т, 179 б, 1 т, 218 б, 3 т, 362 б, 4 т, 366 б, 4 тармағы бойынша тергеліп жатқанын хабарлайды. Қамауда ұстау мерзімі жеті айға - Сәдіқұлов пен Мәсімовтың мерізімі 2022 жылдың 6 тамызына дейін, Ерғожиннің қамау мерзімі 2022 жылдың 3 тамызына дейін ұзартылды", - деп хабарлады мемлекеттік Қазақапарат агенттігі ҰҚҚ сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімовке мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылған болатын. 6 қаңтарда ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметінен босатылды.
Жаңалықтар
0