Португалия, Испания, Грекия, Франция және Түркияның өрт сөндірушілері ормандар мен қалаларды құтқаруға тырысып жатқанымен, табиғаттың дүлей күшіне төтеп беру оңа болмай жатыр.Бүкіл Еуропаны шарпыған және Британ аралдарына жақындап қалған аптап ыстық ескі әлемдегі ауқымды өрттердің негізгі себептерінің біріне айналды. Өртке оранған аумақтардың ауа температурасы 40 градустан асып кетуі және жақын арада төмендемейтіні өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып отыр. Ғалымдар соңғы жылдары ауа райының қолайсыздығына байланысты табиғи апаттар айтарлықтай жиілеп кеткенін атап өтті. Жылу кезеңдері адам әсерінен климаттың өзгеруіне байланысты тұрақты, қарқынды және ұзағырақ болып жатыр. Маусым айынан бері Португалияның 90%-тен астам аумағында құрғақшылық тіркелді, деп хабарлады ел билігі. Осыған байланысты басталған орман өрттері – негізінен солтүстікте – қазірдің өзінде 30 мың гектардан астам жерді шарпыды. Бірақ Испанияның оңтүстігінде әйгілі Коста-дель-Соль курортындағы Михас жағалау маңындағы қала айналасында да өрт өршіп тұр. Осы қала маңындағы төбелерге тараған өртке байланысты билік 2 300-ге жуық адамды эвакуациялады. Португалиямен шекаралас Монфраг қорығы өртенген Испанияның солтүстік-батысында да елдегі өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр. Францияда табиғат өрттері көбінесе Атлант мұхиты жағалауында тіркелді – мұнда төрт мың гектардан астам жер өртеніп кетті және 11 мыңнан астам адамды эвакуациялады. Соның ішінде танымал кемпингтерде демалған мыңдаған турист те бар. Грекияда құтқару қызметтері бір күнде 51 өртті сөндірді, бірақ қатты желдің салдарынан жаңа өрт туындау қаупі жоғары болып тұр.
Еуропадағы мыңдаған адам көптеген өрттен бас сауғалау үшін үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Португалия, Испания, Грекия, Франция және Түркияның өрт сөндірушілері ормандар мен қалаларды құтқаруға тырысып жатқанымен, табиғаттың дүлей күшіне төтеп беру оңа болмай жатыр.
Бүкіл Еуропаны шарпыған және Британ аралдарына жақындап қалған аптап ыстық ескі әлемдегі ауқымды өрттердің негізгі себептерінің біріне айналды.
Өртке оранған аумақтардың ауа температурасы 40 градустан асып кетуі және жақын арада төмендемейтіні өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып отыр.
Ғалымдар соңғы жылдары ауа райының қолайсыздығына байланысты табиғи апаттар айтарлықтай жиілеп кеткенін атап өтті.
Жылу кезеңдері адам әсерінен климаттың өзгеруіне байланысты тұрақты, қарқынды және ұзағырақ болып жатыр.
Маусым айынан бері Португалияның 90%-тен астам аумағында құрғақшылық тіркелді, деп хабарлады ел билігі. Осыған байланысты басталған орман өрттері – негізінен солтүстікте – қазірдің өзінде 30 мың гектардан астам жерді шарпыды.
Бірақ Испанияның оңтүстігінде әйгілі Коста-дель-Соль курортындағы Михас жағалау маңындағы қала айналасында да өрт өршіп тұр. Осы қала маңындағы төбелерге тараған өртке байланысты билік 2 300-ге жуық адамды эвакуациялады.
Португалиямен шекаралас Монфраг қорығы өртенген Испанияның солтүстік-батысында да елдегі өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр.
Францияда табиғат өрттері көбінесе Атлант мұхиты жағалауында тіркелді – мұнда төрт мың гектардан астам жер өртеніп кетті және 11 мыңнан астам адамды эвакуациялады. Соның ішінде танымал кемпингтерде демалған мыңдаған турист те бар.
Грекияда құтқару қызметтері бір күнде 51 өртті сөндірді, бірақ қатты желдің салдарынан жаңа өрт туындау қаупі жоғары болып тұр.
Өрт сөндіру тікұшақтарының ұшқыштары осы жазғы фоторепортаждардың басты кейіпкерлерінің біріне айналды. Суретте: Өрт сөндіруші тікұшақ Түркияның Мугла қаласындағы Датча ауданындағы орман өртінің үстінен су тастауға дайындалып жатыр.

Францияның оңтүстік-батысындағы шыққан өртке байланысты лагерьден эвакуацияланғаннан кейін туристер уақытша тұрақтау орындарында күтіп отыр. Префектураның хабарлауынша, 2022 жылдың 12 шілдесінен бері Бордодан оңтүстікке қарай 40 километр жерде орналасқан Ландирас (Жиронда) маңындағы өрт 600 гектар қарағайлы орманды жойып, 150 адам эвакуацияланды.

Португалия орталығындағы Ансиао маңындағы Бемпоста ауылында айналаны көк түтін басып, өрт бос үйге қарай қаумалап барады. Португалияда мыңдаған өрт сөндіруші бүкіл ел бойынша өртті сөндіруді жалғастырып, ондаған адамды эвакуациялауға мәжбүр етті.

Өрт сөндірушілер Францияның оңтүстік-батысындағы Ла-Тест-де-Бюш маңындағы орман өртін сөндіріп жатыр. Өрт 1500 гектар қарағайлы орманды шарпыған. Франциядағы өртті сөндіруге мыңнан астам өрт сөндіруші мен тоғыз гидроұшақ жұмылдырылды.

Португалия орталығындағы Лейрия маңындағы Колмейас ауылында өрт сөндіруші көзін сумен шайып жатыр. Португалиядағы мыңдаған өрт сөндіруші бүкіл ел аумағында өртті сөндіруді жалғастырып жатыр. Алапат өрт адамдарды үйлерін тастап, эвакуациялауға мәжбүрледі.

Өрт сөндірушілер Шибеник қаласының маңындағы дала өртін бақылап отыр. Мұнда ұшақтар әуеден су тастап жатыр және ондаған өрт сөндіруші қала шетіндегі Затон ауданында бірнеше көлік пен шіркеу мұнарасын шарпыған жалынды ауыздықтауға тырысып жатыр.