https://sputnik.kz/20220720/elordada-epidemiologiyalyq-akhual-nasharlady--bas-sanitar-eskertu-zhasady-26228143.html
Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады – бас санитар ескерту жасады
Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады – бас санитар ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, қалада "стелс-омикрон" штамы көп анықталып жатыр 20.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-20T11:44+0500
2022-07-20T11:44+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
коронавирус
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/05/15/17114070_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_084434e90ea4545bc949f93241014ae6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдай жағынан "сары" аймаққа көшсек, инфекция көзін оқшаулауға бағытталған шаралар қабылданатын болады. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ресми мәліметке сәйкес, соңғы екі аптаның ішінде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 9,5 есеге артты. Тәулік сайын тіркелетін науқастардың саны 586 адамға жеткен. Оның айтуынша, қалада "стелс-омикрон" штамы көп анықталып жатыр. Ол "дельтаға" қарағанда әлдеқайда жұқпалы. Клиникалық белгілері - шаршау, бас ауруы және дене температурасының көтерілуі. Бірақ өкпенің қабыну көрсеткіші төмен. Осы жолы 20-30 жастағы адамдар коронавирусқа жиі шалдығып жүр. "Өкінішке орай, вакцина алған адамдарда, сондай-ақ КВИ-мен ауырған адамдарда уақыт өте дененің инфекциядан қорғану деңгейі төмендейді, нәтижесінде адам қайтадан инфекцияға сезімтал болады. Осыған байланысты, вакцинацияның бастапқы курсын алғаннан кейін, яғни 6 айдан соң КВИ-ға қарсы ревакцинация алу қажет. Сондай-ақ, егер сізде ПТР тесті оң болса немесе сіз науқастармен тығыз байланыста болсаңыз, онда КВИ таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қашықтан жұмыс түріне ауысу керек", - деп атап көрсетті Бейсенова. Қазіргі кезде елорда "жасыл" аймақта тұр. Алайда ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, жабық мекемелерде және қоғамдық көліктерде бетперде кию керек. Бұдан бөлек, эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша ауруханадағы науқастандың саны ескеріледі. Ал астанадағы стационалар 41 процентке толып кеткен.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/15/17114070_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_b51a56a1d1d9d7b3ffa6c15e192a069b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, астана
Елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлады – бас санитар ескерту жасады
11:44 20.07.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Оның айтуынша, қалада "стелс-омикрон" штамы көп анықталып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдай жағынан "сары" аймаққа көшсек, инфекция көзін оқшаулауға бағытталған шаралар қабылданатын болады. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы екі аптаның ішінде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 9,5 есеге артты. Тәулік сайын тіркелетін науқастардың саны 586 адамға жеткен.
"Эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша елордамыз "сары" аймаққа жақындап келеді. Айта кету керек, "сары" аймаққа көшу кезінде инфекция көзін оқшаулауға бағытталған шаралар қабылданатын болады. Баршаңызды адамдар көп жиналатын орындарға бармауға шақырамын. Өздеріңіз көріп отырғандай, вирус әлі де қайтар емес, керісінше ауру қайтадан өршуде. Өзіңіз араласатын адамдар ортасын шектеңіз", - деді Бейсенова бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, қалада "стелс-омикрон" штамы көп анықталып жатыр. Ол "дельтаға" қарағанда әлдеқайда жұқпалы. Клиникалық белгілері - шаршау, бас ауруы және дене температурасының көтерілуі. Бірақ өкпенің қабыну көрсеткіші төмен. Осы жолы 20-30 жастағы адамдар коронавирусқа жиі шалдығып жүр.
"Өкінішке орай, вакцина алған адамдарда, сондай-ақ КВИ-мен ауырған адамдарда уақыт өте дененің инфекциядан қорғану деңгейі төмендейді, нәтижесінде адам қайтадан инфекцияға сезімтал болады. Осыған байланысты, вакцинацияның бастапқы курсын алғаннан кейін, яғни 6 айдан соң КВИ-ға қарсы ревакцинация алу қажет. Сондай-ақ, егер сізде ПТР тесті оң болса немесе сіз науқастармен тығыз байланыста болсаңыз, онда КВИ таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қашықтан жұмыс түріне ауысу керек", - деп атап көрсетті Бейсенова.
Қазіргі кезде елорда "жасыл" аймақта тұр. Алайда ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, жабық мекемелерде және қоғамдық көліктерде бетперде кию керек.
Бұдан бөлек, эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша ауруханадағы науқастандың саны ескеріледі. Ал астанадағы стационалар 41 процентке толып кеткен.