https://sputnik.kz/20220720/bas-dariger-astana-zhana-shtam-26231665.html
Астанада жаңа штамға кімдер жиі шалдығады
Астанада жаңа штамға кімдер жиі шалдығады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирустың жаңа штамына жиі шалдығатындарды атады, деп... 20.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-20T13:51+0500
2022-07-20T13:51+0500
2023-08-09T12:22+0500
коронавирус
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861248_0:0:3041:1711_1920x0_80_0_0_62792c4c77ef6743e142b0b89029c740.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирустың жаңа штамына жиі шалдығатындарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдай жағынан "сары" аймаққа жақындады. Қалада күн сайын 600-ге жуық науқас тіркеледі. Олардың басым бөлігі "стелс-омикрон" штамын жұқтырған. Қаланың бас дәрігері ауыр жағдайға түскен пациенттердің бар екенін де айтты. Олардың көбісі – жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалар және созылмалы ауруы бар адамдар. "Балалар арасында коронавирустың жұқтыру көрсеткішінің өсуі тығыз қарым-қатынастан ғана емес, вакцина салмауынан да болып отыр. Оларда жасанды иммунитет жоқ, мүлдем қорғаныс жоқ. Содан инфекцияны тез жұқтырады", – деп атап көрсетті Мұратов. Ресми мәліметке сәйкес, инфекциялық стационарларда 260 науқас жатыр. 17 адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Олардың ішінде 2 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ауруханаға түскендердің 60 проценті коронавирусқа қарсы екпе алмаған. Айта кетері, эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша алдымен ауруханадағы науқастандың саны ескеріледі. Қазіргі кезде астанадағы стационалар 41 процентке толып кеткен.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861248_235:0:2966:2048_1920x0_80_0_0_db88290f5e98a839d0ca222bd431714a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, астана
Астанада жаңа штамға кімдер жиі шалдығады
13:51 20.07.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирустың жаңа штамына жиі шалдығатындарды атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдай жағынан "сары" аймаққа жақындады. Қалада күн сайын 600-ге жуық науқас тіркеледі. Олардың басым бөлігі "стелс-омикрон" штамын жұқтырған.
"Биылғы коронавирустың басты ерекшелігі сол, науқастар бұрынғыдай өкпені жасанды желдету аппараттарына мұқтаж емес, яғни, ондай пациенттер аз. Дегенмен басқа белгілерінің бәрі бар. Ол – тамақтың жыбырлауы, жоғары температура, бастың ауруы және тағы басқа", - деді Мұратов бүгінгі онлайн брифингте.
Қаланың бас дәрігері ауыр жағдайға түскен пациенттердің бар екенін де айтты. Олардың көбісі – жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалар және созылмалы ауруы бар адамдар.
"Балалар арасында коронавирустың жұқтыру көрсеткішінің өсуі тығыз қарым-қатынастан ғана емес, вакцина салмауынан да болып отыр. Оларда жасанды иммунитет жоқ, мүлдем қорғаныс жоқ. Содан инфекцияны тез жұқтырады", – деп атап көрсетті Мұратов.
Ресми мәліметке сәйкес, инфекциялық стационарларда 260 науқас жатыр. 17 адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Олардың ішінде 2 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ауруханаға түскендердің 60 проценті коронавирусқа қарсы екпе алмаған.
Айта кетері, эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша алдымен ауруханадағы науқастандың саны ескеріледі. Қазіргі кезде астанадағы стационалар 41 процентке толып кеткен.