https://sputnik.kz/20220720/aqtobede-buralqy-itter-tagy-adamga-shapty-26220481.html
Ақтөбеде бұралқы иттер тағы адамға шапты: анасы мен баласы бір ажалдан аман қалды
Ақтөбеде бұралқы иттер тағы адамға шапты: анасы мен баласы бір ажалдан аман қалды
Sputnik Қазақстан
Жақын маңдағы құрылыс алаңының күзетшісі болмағанда тап берген оннан астам бұралқы иттің азуынан аман қалуы нейғабыл еді 20.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-20T07:04+0500
2022-07-20T07:04+0500
2022-07-20T07:16+0500
ақтөбе облысы
қаңғыған иттер
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0f/17350570_0:10:2996:1695_1920x0_80_0_0_d124020fa55aa96c033ef7f1fddc3354.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Ақтөбеде бұралқы иттер тағы да адамға шапты. Бұл жолы баласын жетектеп келе жатқан жас келіншек зардап шеккен. Оқыс оқиға Есет батыр тұрғын үй алабында болған, деп хабарлайды Хабар 24.Естеріңізге сала кетсек, шамамен бір жарым ай бұрын дәл сол шағын ауданда 12 жастағы жеткіншекке бір топ ит тап беріп, ойын баласы қаза болған еді. Тимур Есенбаев "жұбайым мен балам бір өлімнен қалды" дейді. Жақын маңдағы құрылыс алаңының күзетшісі болмағанда тап берген оннан астам бұралқы иттің азуынан аман қалуы нейғабыл еді. Кешкілік көрші шағын ауданға шыққан келіншек қаңғып жүрген иттер тап бергенде жетегіндегі баласын қолына алып қана үлгірген. Шабаланған иттер жанұшыра айқай салса да қайтпапты. Есет батыр ауданында соңғы 3 айда мұндай бірнеше оқиға болған. Бұралқы итке таланып, қаза болған бүлдіршін де осы жердің тұрғыны. Тіпті ересектердің өзі тағыланып кеткен иттермен жолығудан сескенеді.Құзырлы орган өкілдері жыл басынан бері 3792 ит жойылғанын айтып отыр. Оның 2300-ге жуығы облыс орталығында. "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң қабылданғалы бері 4302-і ит ауланған. Оның 155-і Есет батыр ауданында қолға түсті. Соңғы бірнеше тәулікте 19-ы ұсталып отыр. Алайда олардың барлығын бағып ұстауға немесе ұрықсыздандыруға қаражат әлі бөлінбеген.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0f/17350570_187:0:2854:2000_1920x0_80_0_0_459da2c9f58cf5197c225ca9d71b9b8b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, қаңғыған иттер
ақтөбе облысы, қаңғыған иттер
Ақтөбеде бұралқы иттер тағы адамға шапты: анасы мен баласы бір ажалдан аман қалды
07:04 20.07.2022 (жаңартылды: 07:16 20.07.2022) Жақын маңдағы құрылыс алаңының күзетшісі болмағанда тап берген оннан астам бұралқы иттің азуынан аман қалуы нейғабыл еді
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Ақтөбеде бұралқы иттер тағы да адамға шапты. Бұл жолы баласын жетектеп келе жатқан жас келіншек зардап шеккен. Оқыс оқиға Есет батыр тұрғын үй алабында болған, деп хабарлайды
Хабар 24.
Естеріңізге сала кетсек, шамамен бір жарым ай бұрын дәл сол шағын ауданда 12 жастағы жеткіншекке бір топ ит тап беріп, ойын баласы қаза болған еді.
Тимур Есенбаев "жұбайым мен балам бір өлімнен қалды" дейді. Жақын маңдағы құрылыс алаңының күзетшісі болмағанда тап берген оннан астам бұралқы иттің азуынан аман қалуы нейғабыл еді.
Кешкілік көрші шағын ауданға шыққан келіншек қаңғып жүрген иттер тап бергенде жетегіндегі баласын қолына алып қана үлгірген. Шабаланған иттер жанұшыра айқай салса да қайтпапты.
"Екі аяғын тістеген. Сол кезде ауруханаға алып кетті. Алғашқы көмек көрсеткен. Сол бойы екпе алды. Бүгін тағы апарып келдім. Қазір енді кішкентай балам қорқып қалды. Итті көрсе зар жылайды", - дейді ол.
Есет батыр ауданында соңғы 3 айда мұндай бірнеше оқиға болған. Бұралқы итке таланып, қаза болған бүлдіршін де осы жердің тұрғыны. Тіпті ересектердің өзі тағыланып кеткен иттермен жолығудан сескенеді.
Құзырлы орган өкілдері жыл басынан бері 3792 ит жойылғанын айтып отыр. Оның 2300-ге жуығы облыс орталығында.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң қабылданғалы бері 4302-і ит ауланған. Оның 155-і Есет батыр ауданында қолға түсті. Соңғы бірнеше тәулікте 19-ы ұсталып отыр. Алайда олардың барлығын бағып ұстауға немесе ұрықсыздандыруға қаражат әлі бөлінбеген.