Алматыда тікұшақ қонатын алаңы бар зәулім коттедж тәркіленді

© Алматы қаласының прокуратурасыАлматыда тікұшақ қонатын алаңы бар зәулім коттедж тәркіленді
Алматыда тікұшақ қонатын алаңы бар зәулім коттедж тәркіленді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2022
Жазылу
Екі нысанның нарықтық құны 1 млрд теңгеге бағаланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Алматы қаласында бес жыл бұрын сотталған қылмыстық топтың қымбат коттедждері тәркіленді. Олар сотталса да, заңсыз мүліктерін қитұрқы схема арқылы жасыруға тырысқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 2017 жылы соттта ұйымдасқан қылмыстық топтың ісі қаралды. Олар 86 жалған кәсіпорын ашып, 87 миллиард теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған. 27,7 миллиард теңгенің салығын да төлеген жоқ. Ал қылмыстық жолмен келген ақшаны сан алуан мүлік сатып алу арқылы заңдастырды. Соның ішінде 1,4 гектар болатын екі жер телімі де бар. Ал коттедждердің жалпы ауданы - 1,3 мың шаршы метр.
Бір үйдің жанында тікұшақ қонатын алаң да жасалды. Екі нысанның нарықтық құны 1 млрд теңгеге бағаланып отыр. Қылмыскерлер сотталса да, заңсыз мүліктерін қитұрқы схема арқылы жасыруға тырысты. Атап айтқанда, сотталғандардың біреуі жер телімдерін алдымен әкесінің атына ауыстырған. Артынан сот үкімін орындаудан жалтару үшін жылжымайтын мүлік төрт мәрте үлестес тұлғалардың арасында рәсімделді, жер телімінің конфигурациясын да өзгерткен.
Соңында жалған мәмілелердің негізінде барлық мүлік сотталған ер адамның қызына қайтарылды. Мүлікті сақтап қалу үшін жер телімдерінің кезекті иелерінің бірі жалған некеге де тұрған. Бірақ Алматы қаласының Бостандық аудандық прокуратурасы барлық мәмілені заңсыз деп тануға арыз түсірді. Сотта қадағалау органының талап-арызы толығымен қанағаттандырылды. Соттың шешіміен жері телімдері мемлекет пайдасына қайтарылды.
Жаңалықтар
0