https://sputnik.kz/20220719/seyitqazy-aset-mataev-zhogargy-sot-26208125.html
Сейітқазы мен Әсет Матаевтар ақталды – Жоғарғы соттың үкімі шықты
Сейітқазы мен Әсет Матаевтар ақталды – Жоғарғы соттың үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Олар аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуде жалтарды деп айыпталған болатын 19.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-19T13:53+0500
2022-07-19T13:53+0500
2023-08-09T10:07+0500
қоғам
сейітқазы матаев
матаевтар ісі
жоғарғы сот
https://sputnik.kz/img/497/42/4974255_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_1e057b0795abdb3907f82ca8124af091.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Жоғарғы сот әкелі-балалы Матаевтардың ақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін бас прокурор сотқа наразылық енгізіп, тергеу шараларының толық жүргізілмеуіне сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұраған болатын. Бұдан бөлек, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 39-бабы бойынша ақталған азаматтар қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге құқылы. Айта кетері, Қазақтан журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаев пен оның "ҚазТАГ" ақпараттық агенттігін басқарған ұлы Әсет аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуде жалтарды деп айыпталған болатын. Екеуі де сотта кінәсін мойындаған жоқ. 2016 жылы күзде Сейтқазы Матаев алты жылға, ал оның ұлы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Олар аппеляцияға да берді, бірақ үкім өзгеріссіз қалған. Ал 2017 жылы Матаев рақымшылыққа ілінді. Сол кезде жазасы 2 жыл 8 айға дейін қысқартылды. 16 қараша күні Алматы облысының Қапшағай қалалық соты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырған болатын. 4 желтоқсанда Матаев босатандыққа шықты. Әсет Матаев қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырылған. 2018 жылы Сейтқазы Матаев қайтадан Қазақтан журналистер одағының басшылығына сайланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/497/42/4974255_67:0:1204:853_1920x0_80_0_0_3e7dfeddf653daed03f904a950966508.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сейітқазы матаев, матаевтар ісі, жоғарғы сот
сейітқазы матаев, матаевтар ісі, жоғарғы сот
Сейітқазы мен Әсет Матаевтар ақталды – Жоғарғы соттың үкімі шықты
13:53 19.07.2022 (жаңартылды: 10:07 09.08.2023) Олар аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуде жалтарды деп айыпталған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Жоғарғы сот әкелі-балалы Матаевтардың ақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін бас прокурор сотқа наразылық енгізіп, тергеу шараларының толық жүргізілмеуіне сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұраған болатын.
"Бүгін, 19 шілдеде 7 судьядан тұратын Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды. Сейтқазы және Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 39-бабы бойынша ақталған азаматтар қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеуге құқылы.
Айта кетері, Қазақтан журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаев пен оның "ҚазТАГ" ақпараттық агенттігін басқарған ұлы Әсет аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуде жалтарды деп айыпталған болатын. Екеуі де сотта кінәсін мойындаған жоқ.
2016 жылы күзде Сейтқазы Матаев алты жылға, ал оның ұлы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Олар аппеляцияға да берді, бірақ үкім өзгеріссіз қалған. Ал 2017 жылы Матаев рақымшылыққа ілінді. Сол кезде жазасы 2 жыл 8 айға дейін қысқартылды.
16 қараша күні Алматы облысының Қапшағай қалалық соты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырған болатын. 4 желтоқсанда Матаев босатандыққа шықты.
Әсет Матаев қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырылған.
2018 жылы Сейтқазы Матаев қайтадан Қазақтан журналистер одағының басшылығына сайланды.