Әлем

Ресей мен Иран стратегиялық одақ құруға дайын

© Sputnik / Медиабанкке өтуПрезидент РФ Владимир Путин и президент Ирана Эбрахим Раиси (справа) во время встречи
Президент РФ Владимир Путин и президент Ирана Эбрахим Раиси (справа) во время встречи - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2022
Жазылу
Ресей президенті Владимир Путин Иранға бесінші рет іссапармен барды. Бұл көп пе, аз ба? Егер ол Ресейді басқарған 2000 жылдан бері есептесек, көп те емес. Бірақ іссапар күндеріне зер салсақ, онда жағдай мүлде басқа қырынан сипатталады. Онда бұл жолғы іссапар соңғы жеті жылдағы төртіншісі екені анықталады, деп жазды РИА Новости тілшісі.
Путин Тегеранға алғаш рет 2007 жылы барды, бірақ тұрақты сапарлар 2015 жылы ғана басталды. Сонымен қатар, Путиннің барлық сапары жұмыс сипатында болған, яғни ол ешқашан Ислам Республикасына ресми сапармен келген емес. Әр жолы оның сапары Иран астанасында өтетін әлдебір көпжақты іс-шарамен, мысалы, Каспий форумы, газ экспорттаушы елдердің саммиті сынды шаралармен байланысты болды. Сол сияқты осы жолы "Астана форматындағы" жиынмен, яғни Ресей – Түркия – Иран саммитінің үшжақты кездесумен байланысты болды.
Бұл "үлкен үштік" бес жыл бұрын Сириядағы қақтығысты шешу жолдарын іздеуге байланысты пайда болды. Бірақ оның аясында қаралатын мәселелер таза сириялық проблемадан әлдеқашан асып түсті.
Егер екіжақты қарым-қатынасты нығайтуды қолдайтындар мен оған қарсылар өңірлік және әлемдік істерде Түркияның маңызын жақсы түсінгенімен, Ресейді Иран рөлін ұзақ жылдар бойы жете бағаламай келді. Яғни, дұрыс емес бағалаған.
"Ресейлік батысқа бейімделген сарапшылар қауымдастығы көрші мұсылман елін батыс көзқарасымен бағалады: оқшауланған мемлекет, атом бомбасын иелік етуге құштар ел, теократия, репрессивті режим, Таяу Шығыс пен бүкіл әлем қауіпсіздігіне төнген қатер, исламшыл фанатиктер және т.б. Жалпы айтқанда, өркениетті әрі дәулетті Батыспен салыстыруға келмейтін аймақ", - деп жазылған материалда.
Саяси басшылық Иранға басқаша көзқараспен қарады. Ал ресейлік қоғам ислам республикасы туралы не біледі? Олар білетін деректің басым бөлігі батыстың үгіт-насихатына негізделген. Тіпті Ресейдің 214 жылғы оқиғалардан кейін Шығысқа қарай бет бұруы да оңтүстіктегі көрші мемлекетті қабылдау көзқарасын өзгерте алмады. Сондықтан шынайы Иран жайлы Ресейде жақсы білмейді деп пайымдауға болады.
Дегенмен, қазір екі ел 20 немесе 25 жылға арналған жалпы қамтитын стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім жасауға бет бұрып жатыр. Құжатқа биылғы жылдың өзінде-ақ қол қойылуы ықтимал: қаңтарда жаңа президент Эбрахим Раиси Мәскеуде ирандық келісімнің жобасын Владимир Путинге тапсырды, ал өткен айда Сергей Лавров өзінің орыс тіліндегі нұсқасын Тегеранға жеткізді.
Әскери-техникалық ынтымақтастық бірлескен оқу-жаттығулармен толықтырылып жатқанына қарамастан, Ресей мен Иран әскери одақтас болмайды. Бірақ бұл қарым-қатынас өте маңызды ауқымда дамуының ықтималдылығы жоғары.
Оның үстіне Иран Ресеймен ынтымақтастықтың көпжақты форматына белсене араласып келеді – ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына енді (мүше болу процесі күзде аяқталады) және БРИКС-ке қосылғысы келеді. Яғни, бұл екіжақты форматта да, әлемдік аренада да екі елдің стратегиялық ынтымақтастығына бағытталған толыққанды бағыт болып отыр. Ресей мен Иранның өзара іс-қимыл жүргізудің үлкен әлеуеті бар. Ол саудадан бастап Балтық жағалауын Араб теңізіндегі Иран порттарымен, яғни Каспий теңізі арқылы Еуропаны Үндістанмен байланыстыратын Солтүстік – Оңтүстік көлік дәлізіне дейінгі ауқымды қамтиды.
"Ресей мен Еуропа арасындағы қақтығыстың кесірінен ол өзектілігін жоғалтты деп ойлаудың қажеті жоқ. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы сауда әлеуеті әлі де зор. Ресей мен Еуропа арасындағы санкциялық соғыс ұзаққа созылған күннің өзінде дәліз Ресейдің Таяу Шығыс және Азия елдерімен саудасы үшін қажет болады", - дейді мақала авторы.
Оның пікірінше, Иранмен байланысты арттыру Ресейдің стратегиялық мүддесіне сай келеді. Өйткені бұл 86 миллион халқы бар ұлы өркениеттердің мұрагері ғана емес, әлемдегі рухы ең мықты елдердің бірімен қарым-қатынасты жолға қою болар еді.
Иран шындығында да өз жолымен жүріп, мемлекет пен қоғамды ұйымдастырудың өзіндік формаларын іздестіретін, ұлттық мүдделерді қолдайтын, ешқандай сыртқы қысымға мойынсұнбайтын нағыз егемен ел. Бұл жерде мәселе Батыстың онжылдықтарға созылған санкциялары кезінде Иранның даму тәжірибесінде ғана емес, Иранның мемлекеттік құрылым мен қоғамдық қатынастардың өзіндік формуласын, ұлттық қасиеттері мен ұмтылыстарын дәл көрсететін формуланы таба алғаны әлдеқайда маңызды.
Сондықтан Путиннің Иран Ислам Республикасының жоғарғы жетекшісі рахбар Хаменеимен бесінші кездесуі тәжірибелі екі мемлекет қайраткерлерінің әңгімесі ғана емес, бұл сонымен қатар сұхбаттасуға себебі көп тараптардың кездесуі болады.
Жаңалықтар
0