Өңірлер

Қостанай облысында екі адамның сүйегі табылды

© Photo : Издание pavlodarnews.kzҚазба жұмыстары
Қазба жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2022
Жазылу
Сот-медициналық сараптама тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде - Sputnik. Қостанай облысының Қарасу ауданындағы Люблинка ауылында екі адамның қаңқасы табылды.
"Костанайские новости" басылымының жазуынша, оларды жергілікті балықшы тауып, полицияға қоңырау шалған.
Екі адамның сүйектерін эксгумациялау археологиялық тәсілмен жүргізілді. Полиция тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіп, адамдардың қайтыс болу себебі мен уақытын анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындады.
Басылым, материалға қарап сүйектер бірнеше жылдар бойы жатқанын түсінуге болатынын жазады. Шамамен 100 жылға жуық уақыт өтті деген болжам жасалып отыр.
Археолог. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2022
Шымкенттік археологтар ежелгі жауынгер әйелдің сүйегін тапты
Жаңалықтар
0