https://sputnik.kz/20220719/prezident-sogisekologiya-ministri-26207037.html
Президенттен сөгіс алған экология министрі отставкаға кете ме
Президенттен сөгіс алған экология министрі отставкаға кете ме
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы экология министрінің минералдық ресурстар деректерінің цифрлық банкін құру және киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға... 19.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-19T13:27+0500
2022-07-19T13:27+0500
2022-07-19T13:24+0500
заңсыз киік аулау
экология
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1a/24468666_0:128:3067:1853_1920x0_80_0_0_50e9470489f5393569662fe288f54939.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев президенттен сөгіс алғаннан кейін отставкаға кетесіз бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Сондай-ақ журналистер министрден бес балдық шкала бойынша өз жұмысын қалай бағалайтынын сұрады. "Біздің жұмысымызға да ел басшылығы баға береді", - деп қысқа қайырды ол. 14 шілдеде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серікқали Брекешевке геология және биоаулантүрлілік саласындағы сапасыз орындалған жұмысы үшін сөгіс жариялады. Мемлекет басшысы экология министрінің минералдық ресурстар деректерінің цифрлық банкін құру және киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға алды. Президент киіктер санын реттеу мәселесін ақылға салып шешуді талап етті. "Киік – қазақ үшін киелі жануар. Табиғи ландшафттан 80 мың киікті жою, яғни ату ұсынылды. Мәселені шешудің басқа да жолдары бар емес пе? Мамандармен ақылдасыңыз. Бұл ақырғы шара болуға тиіс. Бәлкім, бұған да жүгінерміз. Бірақ, бұл амалсыз шара болуы керек екенін ескертемін. Осы мәселені кәсіби тұрғыдан қарастыру қажет", – деді Тоқаев. Осы сыннан кейін Серікқали Брекешев Зоология институты киіктер санын реттеу бойынша терең ғылыми зерттеу жүргізетінін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ғылыми зерттеу бір-екі жылға созылуы мүмкін. Оның қорытындысы шықпағанға дейін популяцияны реттеу мәселесіне қатысты шешім қабылданбайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1a/24468666_44:0:2773:2047_1920x0_80_0_0_741f47eddb312fed10c08010fdbe4915.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заңсыз киік аулау, экология
заңсыз киік аулау, экология
Президенттен сөгіс алған экология министрі отставкаға кете ме
Мемлекет басшысы экология министрінің минералдық ресурстар деректерінің цифрлық банкін құру және киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға алды
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев президенттен сөгіс алғаннан кейін отставкаға кетесіз бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұған қатысты мен шешім қабылдамаймын. Отставкаға жіберу туралы шешімді ел басшылығы қабылдайды", - деп жауап берді Брекешев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ журналистер министрден бес балдық шкала бойынша өз жұмысын қалай бағалайтынын сұрады.
"Біздің жұмысымызға да ел басшылығы баға береді", - деп қысқа қайырды ол.
14 шілдеде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серікқали Брекешевке геология және биоаулантүрлілік саласындағы сапасыз орындалған жұмысы үшін сөгіс жариялады.
Мемлекет басшысы экология министрінің минералдық ресурстар деректерінің цифрлық банкін құру және киіктер популяциясын реттеу жөніндегі тиімсіз жұмысын сынға алды. Президент киіктер санын реттеу мәселесін ақылға салып шешуді талап етті.
"Киік – қазақ үшін киелі жануар. Табиғи ландшафттан 80 мың киікті жою, яғни ату ұсынылды. Мәселені шешудің басқа да жолдары бар емес пе? Мамандармен ақылдасыңыз. Бұл ақырғы шара болуға тиіс. Бәлкім, бұған да жүгінерміз. Бірақ, бұл амалсыз шара болуы керек екенін ескертемін. Осы мәселені кәсіби тұрғыдан қарастыру қажет", – деді Тоқаев.
Осы сыннан кейін Серікқали Брекешев Зоология институты киіктер санын реттеу бойынша терең ғылыми зерттеу жүргізетінін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ғылыми зерттеу бір-екі жылға созылуы мүмкін. Оның қорытындысы шықпағанға дейін популяцияны реттеу мәселесіне қатысты шешім қабылданбайды.