https://sputnik.kz/20220719/koronavirus-orship-barady-astana-26213475.html
Нұр-Сұлтан ауруханасында коронавирус жұқтырғандарға арналған стационар ашылды
Нұр-Сұлтан ауруханасында коронавирус жұқтырғандарға арналған стационар ашылды
Sputnik Қазақстан
Вакцина алғандардың сырқаты жеңіл өтіп жатыр, асқынулар байқалмайды, дейді дәрігерлер 19.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-19T16:24+0500
2022-07-19T16:24+0500
2022-07-19T16:24+0500
денсаулық
коронавирус
ауру
https://sputnik.kz/img/1361/40/13614065_0:0:3013:1696_1920x0_80_0_0_e88e383937e22baa8b34fb45aa43038e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Елорданың 3-ші көпсалалық аурухананың дерматологиялық блогында коронавирус жұқтырғандарға арналған стационар ашылды. Стационарда 100 төсек-орын бар. 13 шілде күні оған алғашқы пациенттер жатқызылды. Бүгінгі мәліметке сәйкес, 54 адам ем-дом алып жатыр, ең жас науқас 22 жаста, үлкені – 82-де. Ал вакцина алғандардың сырқаты жеңіл өтіп жатыр, асқынулар байқалмайды. "Көбісінде "стелс-омикрон" штамы анықталып отыр. Оны жұқтыру көрсеткіші бұған дейінгі штамдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, бірақ "стелс-омикронның" өкпені зақымдау қабілеті төмен. Ондай ауру кезінде нейроинтоксикация байқалады, адамның көру және есту қабілеті нашарлайды, басы жиі ауырады", – деп атап көрсетті аурухана мамандары. Айта кетері, Қазақстанда соңғы бір тәуліктің ішінде 1 450 адам коронавирус жұқтырған. Стационарларда 962 науқас емделіп жатыр, 8 775 пациент үйде ем қабылдап жүр. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиолиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасын таныстырған болатын. Оған сәйкес, ауруханаға түскен науқастардың санына басымдық беріледі. Бұдан бөлек, вакциналау деңгейі мен инфекцияның таралуы ескеріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1361/40/13614065_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_cc37c700aefcfc3b723a3bbb1bf54f56.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, ауру
Нұр-Сұлтан ауруханасында коронавирус жұқтырғандарға арналған стационар ашылды
Вакцина алғандардың сырқаты жеңіл өтіп жатыр, асқынулар байқалмайды, дейді дәрігерлер
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Елорданың 3-ші көпсалалық аурухананың дерматологиялық блогында коронавирус жұқтырғандарға арналған стационар ашылды.
Стационарда 100 төсек-орын бар. 13 шілде күні оған алғашқы пациенттер жатқызылды.
Бүгінгі мәліметке сәйкес, 54 адам ем-дом алып жатыр, ең жас науқас 22 жаста, үлкені – 82-де.
"Жартысынан көбі бұған дейін коронавируспен ауырмаған. Оған қарсы екпе де алмады", - дейді дәрігерлер.
Ал вакцина алғандардың сырқаты жеңіл өтіп жатыр, асқынулар байқалмайды.
"Көбісінде "стелс-омикрон" штамы анықталып отыр. Оны жұқтыру көрсеткіші бұған дейінгі штамдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, бірақ "стелс-омикронның" өкпені зақымдау қабілеті төмен. Ондай ауру кезінде нейроинтоксикация байқалады, адамның көру және есту қабілеті нашарлайды, басы жиі ауырады", – деп атап көрсетті аурухана мамандары.
Айта кетері, Қазақстанда соңғы бір тәуліктің ішінде 1 450 адам коронавирус жұқтырған. Стационарларда 962 науқас емделіп жатыр, 8 775 пациент үйде ем қабылдап жүр. Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиолиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасын таныстырған болатын. Оған сәйкес, ауруханаға түскен науқастардың санына басымдық беріледі. Бұдан бөлек, вакциналау деңгейі мен инфекцияның таралуы ескеріледі.