https://sputnik.kz/20220719/kiik-sanyn-retteu-maselesi-26205610.html
Киік санын реттеу мәселесі таяу арада шешілмейді
Киік санын реттеу мәселесі таяу арада шешілмейді
Sputnik Қазақстан
Киік популяциясын реттеу туралы шешім ғылыми зерттеудің нәтижелері шыққан соң ғана қабылданады 19.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-19T12:49+0500
2022-07-19T12:49+0500
2022-07-19T12:49+0500
ақбөкендер
заң
https://sputnik.kz/img/old/403/21/4032198_0:82:1600:982_1920x0_80_0_0_7ec8351c1fd898ab9d9e967822b64713.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Зоология институтының киік санын реттеу бойынша жүргізетін ғылыми зерттеулері бір-екі жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұған дейін Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізуді ұсынған болатын. Экология министрінің айтуынша, ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт алады. Министр киік популяциясының оңтайлы санына қатысты ғылыми зерттеулердің алғашқы қорытындысы шықпағанға дейін киік санын реттеу туралы шешім қабылданбайды. Ғылыми зерттеулерден кейін киіктердің санын реттеудің баламалы әдістері белгілі болады. Брекешев қазір ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитеті ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселесін қарастырып жатқанын атап өтті. "Техникалық тапсырманы әзірлегеннен кейін, қажет сома анықталады. Зоология институты дайындық жұмыстарын бастап кетті", - деді ведомство басшысы. Министрдің айтуынша, киіктер егіс алқаптарын таптап жатыр деп шағымданып жатқан шаруалардың проблемасын шешу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі келтірілген залалды өтеу әдістемесін әзірлеу мәселесін қарайды. Айта кетері, қазір Қазақстанда 1 млн 318 мың бас киік мекен етеді. 14 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында киік санын реттеу мәселесін шуға айналдырған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады. Мемлекет басшысы киік санын реттеудің басқа да әдістері барын айтып, жануарды ату – амалсыздан баратын шара екенін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/403/21/4032198_92:0:1509:1063_1920x0_80_0_0_10c66075a3d0e26ba3a432fcf07faad9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақбөкендер, заң
Киік санын реттеу мәселесі таяу арада шешілмейді
Киік популяциясын реттеу туралы шешім ғылыми зерттеудің нәтижелері шыққан соң ғана қабылданады
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Зоология институтының киік санын реттеу бойынша жүргізетін ғылыми зерттеулері бір-екі жылға созылуы мүмкін. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізуді ұсынған болатын.
Экология министрінің айтуынша, ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт алады.
"Мұндай популяцияны басқару мұқият дайындықты қажет етеді. Сондықтан біз Зоология институтымен терең зерттеу жұмыстарын бастаймыз, оның қорытындысы, жарияланады. Бұл жұмыс бір-екі жылға созылуы мүмкін", - деді Брекешев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министр киік популяциясының оңтайлы санына қатысты ғылыми зерттеулердің алғашқы қорытындысы шықпағанға дейін киік санын реттеу туралы шешім қабылданбайды. Ғылыми зерттеулерден кейін киіктердің санын реттеудің баламалы әдістері белгілі болады.
Брекешев қазір ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитеті ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселесін қарастырып жатқанын атап өтті.
"Техникалық тапсырманы әзірлегеннен кейін, қажет сома анықталады. Зоология институты дайындық жұмыстарын бастап кетті", - деді ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, киіктер егіс алқаптарын таптап жатыр деп шағымданып жатқан шаруалардың проблемасын шешу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі келтірілген залалды өтеу әдістемесін әзірлеу мәселесін қарайды.
Айта кетері, қазір Қазақстанда 1 млн 318 мың бас киік мекен етеді.
14 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында киік санын реттеу мәселесін шуға айналдырған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады.
Мемлекет басшысы киік санын реттеудің басқа да әдістері барын айтып, жануарды ату – амалсыздан баратын шара екенін атап өтті.