Өңірлер

Ескерткіш үшін пара алды: павлодарлық шенеунікке қатысты үкім шығарылды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках, архивное фото
Деньги в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2022
Жазылу
Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінген мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы кінәсін мойындады.
Сотқа дейінгі тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Самал Бегалинова 1 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген болатын. Ол аталған сомаға компаниямен Павлодар мектебіне Әлихан Бөкейхановтың бюстін дайындау және оны кедергісіз қабылдау туралы шарт жасасқан.

"Сот Самал Бегалинованы Қылмыстық кодекстің 366-бабының екінші бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Сондай-ақ, мүлкін – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің облыстық департаментінің заттай дәлелдемелерді сақтау камерасында тұрған миллион теңгені тәркілеу туралы үкім шығарды", - деп хабарлады №2 Павлодар сотының судьясы Әсемқоңыр Сайран.

Сонымен қатар, ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сотталған адамның өзі жалғыз тәрбиелеп отырған екі жас баласы (12 және 4 жастағы) болуына байланысты бас бостандығынан айыру жазасын өтеу оған 5 жылға кейінге қалдырылды (ҚК 74-бабының 1-бөлігі негізінде).

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Мінез-құлқын бақылау тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне жүктелді. .

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0