https://sputnik.kz/20220719/ekibastuz-ayel-balalar-politsiya-26212074.html
Екібастұзда жасөспірім бейтаныс әйелге алтын сырғасын бере салды - тергеу басталды
Екібастұзда жасөспірім бейтаныс әйелге алтын сырғасын бере салды - тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
Тәртіп сақшылары әйелді іздестіруге кірісті 19.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-19T21:54+0500
2022-07-19T21:54+0500
2022-07-19T21:54+0500
екібастұз
әйел
балалар
полиция
https://sputnik.kz/img/671/43/6714363_0:75:1921:1155_1920x0_80_0_0_4d2ecdc777a40e8e78366565cfd53922.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Екібастұз қаласының полицейлері 34 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Ол жасөспірімді алдап, алтын сырғасын алып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Полиция басқармасына 39 жастағы қала тұрғыны арызданып, 15 жастағы қызының алтын сырғасы қолды болғанын айтты. Жасөспірім қаладағы сауда үйлердің бірінде жүргенде сыған әйелді кездестірген. Ол экстрасенс екенін айтқан.Одан кейін қыздан далаға шығуды өтінген. Сол жерде жасөспірімнің анасына көз тигенін айтып, дуаны қайтара аламын деп сендірген. Ол үшін алтын бұйымдар қажет болған. Қыз анасы үшін қатты алаңдап, құлағындағы сырғасын шешіп бере салған. Әйелдің олжасы 80 мың теңгеге бағаланып отыр. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Емшінің кім екені анықталды. Ол - Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны. Тәртіп сақшылары әйелді іздестіруге кірісті.
https://sputnik.kz/20210403/Aktau-kurketauyk-video-16695386.html
екібастұз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/43/6714363_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_3b9cc96e68c201298d8a3831e4bd51f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
екібастұз, әйел, балалар, полиция
екібастұз, әйел, балалар, полиция
Екібастұзда жасөспірім бейтаныс әйелге алтын сырғасын бере салды - тергеу басталды
Тәртіп сақшылары әйелді іздестіруге кірісті
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Екібастұз қаласының полицейлері 34 жастағы әйелді іздестіріп жатыр. Ол жасөспірімді алдап, алтын сырғасын алып кеткен, деп хабарлайды
Polisia.kz сайты.
Полиция басқармасына 39 жастағы қала тұрғыны арызданып, 15 жастағы қызының алтын сырғасы қолды болғанын айтты. Жасөспірім қаладағы сауда үйлердің бірінде жүргенде сыған әйелді кездестірген. Ол экстрасенс екенін айтқан.
Одан кейін қыздан далаға шығуды өтінген. Сол жерде жасөспірімнің анасына көз тигенін айтып, дуаны қайтара аламын деп сендірген. Ол үшін алтын бұйымдар қажет болған. Қыз анасы үшін қатты алаңдап, құлағындағы сырғасын шешіп бере салған. Әйелдің олжасы 80 мың теңгеге бағаланып отыр.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Емшінің кім екені анықталды. Ол - Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны.
Тәртіп сақшылары әйелді іздестіруге кірісті.