Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Донбаста балаларды бейімдеу жобасы іске қосылды

© Sputnik / Ирина Геращенко / Медиабанкке өтуДети в бомбоубежище в городе Донецке
Дети в бомбоубежище в городе Донецке - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. РФ Президенті жанындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белова Донбаста әскери іс-қимылды бастан өткізген жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық бейімдеуге бағытталған жобаны іске қосты, деп хабарлады Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайты.
"Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Донецк Халық Республикасына сапары барысында Мариуполь қаласындағы жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, "Детям – в руки" гуманитарлық акциясы аясында жұмыстың жаңа бағытын бастады. Ол әскери қақтығыс аймақтарындағы жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық оңалтуға бейімделген", - деп жазылған хабарламада.
Жобаның алғашқы алаңы қазірдің өзінде іске қосылды – ол 52 жоғары сынып оқушысы үшін жұмыс істеп тұр. Львова-Белова балалармен бірнеше сағатқа созылған кездесу өткізді. Бағдарламада бүгін мен болашақ туралы әңгімелер, команда құру ойындары, болашақты қабылдау және шығармашылық бөлім бойынша тренингтер қамтылды.
Жоба аясында Краснодар өлкесінде 200 балаға арналған лагерь өткізуді жоспарлап отыр. Ол жақта қарым-қатынас дағдыларын дамытатын, жеке әлеуетті ашатын, өзін-өзі тануға және жаңа шынайылықта өмір жолын құруға көмектесетін сабақтар болады. Сондай-ақ Донецк пен Макеевкада әскери іс-қимылды бастан өткізген жасөспірімдермен жұмыс жасайтын екі орталық ашу жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0