Білім

Балабақшаларға лицензия қалай беріледі – министрлік түсініктемесі

© Sputnik / Владислав Водневархивное фото
архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2022
Жазылу
Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде балабақшаларды лицензиялау мәселесі кеңінен талқыланып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова балабақшаларды лицензиялау шаралары кезең-кезеңмен атқарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде балабақшаларды лицензиялау мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Әсіресе, жеке меншік мекемелер ол бастамаға қарсы. Барлығы бірдей іріктеуден өте алмаймыз деп жатыр. Соның салдарынан мектепке дейінгі мекемелердің саны азаяды деген қауіп бар.
Вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, лицензиялау мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларға ортақ болады. Ал осы саладағы шаралар кезең-кезеңмен атқарылады.
"Шын мәнінде, мемлекет балабақшаларды жабу міндетін қоймайды, лицензиялау мұндай салдарға әкелмейді - оның мемлекеттік мекемелерге де, жекеменшік мекемелерге де қатысы бар, керісінше, мемлекет мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына барлық жағдай жасап отыр және жасайды да. Тек биылғы жылы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында үш жүзден астам балабақша ашылуда, олардың жартысынан көбі - жекеменшік, олардың жүз қырқы - он мыңнан астам орынға қазіргі таңда ашылды", - деп жазды Каринова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Лицензиялаудың негізгі мақсаты - балалардың құқықтарын қорғау және балабақшалардың қауіпсіздігін арттыру. Сонда ата-аналар балаларын балабақшаға жіберуден қорықпайды. Басты талаптар - педагогтердің саны, бейнекамералар, оқу материалдарының болуы, санитариялық және өртке қарсы нормаларға сәйкестігі, меншікті немесе жалға алынған ғимараттың болуы. Ол үшін алыдмен заңдарға және басқа да актілерге өзгерістер енгізіледі.
"Бірінші кезеңде жаңадан ашылған мектепке дейінгі ұйымдар лицензиялауға жатады, ал бұл жылына шамамен 200 бірлік. Содан кейін лицензиялау қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген жұмыс істеп тұрған ұйымдар үшін көзделген. Олардың саны да аз, жылына 1-2% немесе 10-15 балабақша. Ал жұмыс істеп тұрған басқа балабақшалар тәуекелдерді бағалау негізінде лицензия алатын болады", - деп атап көрсетті вице-министр.
Балабақшаға ешкім тексеріс жасамайды. Ұлттық білім деректері базасында автоматтандырылған жүйе бар. Соның негізінде қауіпті жағдайлар анықталады.
"Қазір бұл процедураны қайтару қажеттілігі туындады, өйткені балаларға қатысты көптеген резонанстық жағдайлар ата-аналар мен қоғамды әділеттілікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр етті. Бұл - қоғамның сұранысы", - деді Каринова.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанда балабақшаларды лицензиялау жүйесі болған. Бірақ мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы болғанда алып тастаған. Қазіргі кезде балабақшалардың саны жеткілікті. Енді, жұмыс сапасын көтеру міндеті тұр.
Жаңалықтар
0