АҚШ қылмыстық активтерді қайтару жағынан Қазақстанға көмектесуге дайын

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАҚШ туы
АҚШ туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Бас прокуратураның делегациясы Америка құрама штаттарына жұмыс сапарымен барып, осы елдің әділет департаментінің басшылығымен, сондай-ақ, Дүниежүзілік банк пен федералды тергеу бюросының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қадағалау органының ресми хабарламасына сілтеме жасап.
Кездесулер кезінде тараптар нақты қылмыстық істер бойынша ынтымақтастықты нығайту, сұрау салуларды электрондық форматта беру, киберқылмыспен күрес саласында тәжірибе алмасу, сотталғандарды ұстап беру және беру туралы шарттар жасасу мәселелерін талқылады.

"АҚШ әділет департаментінің өкілдері қылмыстық активтерді іздеуге және АҚШ-тан Қазақстанға қайтаруға қолдау көрсетуге дайын екендеріне сендірді", - делінген ресми хабарламада.

Бас прокурордың орынбасары Тимур Тәшімбаев мемлекет басшысының жарлығымен экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрылғанын айтып берді.
Осы құрылымның негізгі мақсаты - елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару. Тараптар трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы бірлесіп күресу қажеттігін ерекше атап өтті. Ал Дүниежүзілік банкте болған кездесуде Қазақстаннан шетелге, соның ішінде офшорлық юрисдикцияға шығарылған қылмыстық жолмен табылған активтерді қайтару бойынша күш-жігерін қолдау және ынтымақтастықтың көрсетілген бағыты бойынша прокурорлар мен тергеушілер үшін тренингтер өткізу мәселелері талқыланды.
Банк өкілдері де Қазақстанның бастамаларын қолдап отыр.
Жаңалықтар
0