https://sputnik.kz/20220718/zaporozhe-oblysynda-resey-azamattygyn-alu-ushin-kezek-tuzildi--26211906.html
Запорожье облысында Ресей азаматтығын алу үшін кезек түзілді
Запорожье облысында Ресей азаматтығын алу үшін кезек түзілді
Sputnik Қазақстан
Запорожьенің азат етілген аумақтарында жергілікті тұрғындарға Ресей азаматының төлқұжатын беру бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр 18.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-18T20:31+0500
2022-07-18T20:31+0500
2022-07-19T15:52+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
құжат
https://sputnik.kz/img/07e6/07/12/26196906_0:0:3607:2029_1920x0_80_0_0_ec1704976ee76bb77a9434fa83481df7.jpg
Запорожье облысының әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Евгений Балицкий қазірдің өзінде Ресей Федерациясының азаматтығын алуға 25 мыңнан астам адам өтініш білдіргенін, бірақ оларға бірден құжат беру мүмкін емес екенін айтты. Себебі ресейлік азаматтықты алғысы келетін әрбір азаматты Ресейдің арнайы қызмет өкілдері мұқият тексереді.Облыс әкімшілігі Ресей азаматтығын алу үшін құжаттарды қабылдауды ұйымдастырған отызға жуық орында әркез адам қарасы көп."Бізде Украина азаматтығы да болады. Украинаның төлқұжатын алып тастамайды. Сонымен қатар ресейлік құжат та болады. Мен Кеңес Одағын көрген адаммын. Сондықтан мұның бәрі мен үшін қолайлы. Мені ешкім қинап жатқан жоқ, ешкім мәжбүрлемейді. Қайда қаласаң, сонда барасың", – дейді жергілікті тұрғын Нина Сергеевна.Дегенмен, Мелитополь мен басқа елді мекендердің тұрғындары арасында камераға қарап, журналистерге сұхбат беруге дайын адам аз. Көбі Украина билігінің өңірге қайтып оралуынан әлі де секемденіп отыр.Бірақ Запорожье облысының әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Евгений Балицкий бұл уақытша жағдай дейді. Оның айтуынша, халық қорқудан шаршаған."Біз ата-бабамыз аманат етіп қалдырған мәдениетте өмір сүргіміз келеді. Қарсылық пен мәңгілік қақтығыс емес, славян бауырластық, адамгершілік, бейбітшілік мәдениетінде өмір сүргіміз келеді", - дейді ол.Балицкийдің айтуынша, облыстың азат етілген аумақтарында күн сайын жүзге дейін Ресей Федерациясының төлқұжаты беріліп жатыр. Оның пікірінше, бұл көрсеткіш өте аз.Киев билігінің өкілдері аймақтан кетіп бара жатқанда барлық деректер базасын жойып тастаған. Сондықтан қазір барлығын іс жүзінде нөлден бастап қалпына келтіру керек. Әскери-азаматтық әкімшілік басшысы атап өткендей, қазір ұлтшылдық идеяны қолдайтын, халыққа қайғы-қасірет әкелгендердің Ресей азаматтығын алуына жол бермеу маңызды болып отыр."Бізде бар мүмкіндіктерге сүйене отырып, Ресей төлқұжатын беру бойынша қазіргі қарқынды оң деп бағалай аламыз. Әрине, референдум жақындаған сайын құжат беру қарқыны артады. Өйткені біз құжат беру орындарының санын көбейтіп жатырмыз. Бүгінде бізде құжаттарды қабылдайтын 30-ға жуық пункт бар. Әрине, бұл жеткіліксіз. Бірақ Федералды қауіпсіздік қызметі мен арнайы қызметтің бақылауынсыз төлқұжат беруге болмайды. Қазірдің өзінде 25 000 өтініш түсті, бірақ олар арнайы тексеруден өткенге дейін Ресей Федерациясы азаматының төлқұжаты берілмейді. Бұл талап процесті шектеп отырғанымен, бұл жұмысты сапалы жүргізу керектігін түсінуіміз қажет", - деді Евгений Балицкий.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/12/26196906_377:0:3108:2048_1920x0_80_0_0_6018edb643d21a0971b540c8f2a88b5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құжат, видео
Запорожье облысында Ресей азаматтығын алу үшін кезек түзілді
20:31 18.07.2022 (жаңартылды: 15:52 19.07.2022) Запорожьенің азат етілген аумақтарында жергілікті тұрғындарға Ресей азаматының төлқұжатын беру бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр
Запорожье облысының әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Евгений Балицкий қазірдің өзінде Ресей Федерациясының азаматтығын алуға 25 мыңнан астам адам өтініш білдіргенін, бірақ оларға бірден құжат беру мүмкін емес екенін айтты. Себебі ресейлік азаматтықты алғысы келетін әрбір азаматты Ресейдің арнайы қызмет өкілдері мұқият тексереді.
Облыс әкімшілігі Ресей азаматтығын алу үшін құжаттарды қабылдауды ұйымдастырған отызға жуық орында әркез адам қарасы көп.
"Бізде Украина азаматтығы да болады. Украинаның төлқұжатын алып тастамайды. Сонымен қатар ресейлік құжат та болады. Мен Кеңес Одағын көрген адаммын. Сондықтан мұның бәрі мен үшін қолайлы. Мені ешкім қинап жатқан жоқ, ешкім мәжбүрлемейді. Қайда қаласаң, сонда барасың", – дейді жергілікті тұрғын Нина Сергеевна.
Дегенмен, Мелитополь мен басқа елді мекендердің тұрғындары арасында камераға қарап, журналистерге сұхбат беруге дайын адам аз. Көбі Украина билігінің өңірге қайтып оралуынан әлі де секемденіп отыр.
Бірақ Запорожье облысының әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Евгений Балицкий бұл уақытша жағдай дейді. Оның айтуынша, халық қорқудан шаршаған.
"Біз ата-бабамыз аманат етіп қалдырған мәдениетте өмір сүргіміз келеді. Қарсылық пен мәңгілік қақтығыс емес, славян бауырластық, адамгершілік, бейбітшілік мәдениетінде өмір сүргіміз келеді", - дейді ол.
Балицкийдің айтуынша, облыстың азат етілген аумақтарында күн сайын жүзге дейін Ресей Федерациясының төлқұжаты беріліп жатыр. Оның пікірінше, бұл көрсеткіш өте аз.
Киев билігінің өкілдері аймақтан кетіп бара жатқанда барлық деректер базасын жойып тастаған. Сондықтан қазір барлығын іс жүзінде нөлден бастап қалпына келтіру керек. Әскери-азаматтық әкімшілік басшысы атап өткендей, қазір ұлтшылдық идеяны қолдайтын, халыққа қайғы-қасірет әкелгендердің Ресей азаматтығын алуына жол бермеу маңызды болып отыр.
"Бізде бар мүмкіндіктерге сүйене отырып, Ресей төлқұжатын беру бойынша қазіргі қарқынды оң деп бағалай аламыз. Әрине, референдум жақындаған сайын құжат беру қарқыны артады. Өйткені біз құжат беру орындарының санын көбейтіп жатырмыз. Бүгінде бізде құжаттарды қабылдайтын 30-ға жуық пункт бар. Әрине, бұл жеткіліксіз. Бірақ Федералды қауіпсіздік қызметі мен арнайы қызметтің бақылауынсыз төлқұжат беруге болмайды. Қазірдің өзінде 25 000 өтініш түсті, бірақ олар арнайы тексеруден өткенге дейін Ресей Федерациясы азаматының төлқұжаты берілмейді. Бұл талап процесті шектеп отырғанымен, бұл жұмысты сапалы жүргізу керектігін түсінуіміз қажет", - деді Евгений Балицкий.