Оқиға

Туды өрттен алып шыққан түркістандық оқиғаның мән-жайын айтып берді

© Photo : Мұхамед Қансейіттің жеке архивінен алындыМұхамед Қансейіт
Мұхамед Қансейіт - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны өртеніп жатқан ғимараттың шатырына шығып, Туды тілсіз жаудан алып қалды. Оның бұл әрекеті қазақстандықтарды тәнті етті.
Sputnik Қазақстан тілшісі желіде танымал болған жігітті тауып, оқиғаның мән-жайын білді.
26 жастағы Мұхамед Қансейіт Шіркін аулында дүниеге келген. Қазіргі кезде Сайрам аудандық әкімдігіне қарасты жұмысмен қамту орталығында еңбек етіп жүр. Күні кеше дәл осы ғимараттан өрт шыққан.
"Кеше демалыс болды ғой. Жұмыста ешкім болған жоқ. Мен туысымның үйіне бардым. Олар жақын жерде тұрады. Алыстан қарасам, қатты түтін шығып жатыр. Жақындаған сайын өршіп барады. Жүгіріп бардым да, барлық есікті аштым. Сосын Елтаңбаны көріп, бірден суырып алдым. Алдымен оны қауіпсіз жерге апарып қойдым", - деді Мұхамед Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Елтаңбаны апарып қойғаннан кейін есіне Ту түскен.
"Бізге жапсарлас тұрған бір ғимарат бар. Сол арқылы шатырға шықтым да, Туды түсіріп алдым. Жарақат алған жоқпын", - деп атап көрсетті ол.
Мұхамед халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы болып жұмыс істейді. Үйленген, бір баласы бар. Сайрам ауданына қарасты Шіркін ауылында ата-анасымен бірге тұрады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, 17 маусым күні сағат 13:45-те Сайрам ауданының Ақсукент ауылында Астана даңғылы бойынша орналасқан бір қабатты ғимараттан өрт шықты.
Ол жерде жұмыспен қамту орталығы мен "Сфетофор" дүкені болған. Ғимараттың жалпы ауданы - 1000 шаршы метр. Тілсіз жау 413 шаршы метрге шарпыды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0