Спорт

Қазақстан құрамасының капитаны Старченко "Барыстан" кетті

© Официальный сайт ХК "Барыс"Роман Старченко
Роман Старченко - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2022
Жазылу
Роман Старченко 14 маусымнан кейін өз күшін басқа клубта сынап көруге бел буды
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде - Sputnik. Қазақстан құрамасының капитаны 36 жастағы хоккейші Роман Старченко "Барыстан" мәскеулік "Спартак" командасына ауысты.
Роман Старченко 14 маусымнан кейін өз күшін басқа клубта сынап көруге бел буды.
"Барыс" Романға клуб пен Қазақстанда хоккейдің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ, оған алдағы карьерасында табыс пен көздеген барлық мақсатына қол жеткізуін тілейді!"- делінген "Барыс" ХК хабарламасында.
Қазақстан құрамасының капитаны ҚХЛ-ға кірген сәттен бастап "Барыс" сапында ойнады. Оның есебінде 740 матч және 377 нәтижелі әрекет бар.
Роман лиганың жетінші ойыншысы, спортшы бір команданың құрамында 200 гол соққан.
Айта кетері, Старченко елордалық клуб тарихындағы екінші снайпер.
Роман Старченко 2004/05 және 2006/07 маусымдарда Қазақстан чемпионы, 2013 жылы Қазақстанның үздік хоккейшісі болды, түрлі чемпионаттардың жеңімпазы.
Хоккей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Спорт
Басына шайба тиген хоккейші қайтыс болды – видео
Жаңалықтар
0