https://sputnik.kz/20220718/politsiya-zhelide-taragan-videoga-tusinikteme-berdi-26186387.html
Жас қызды қан-жоса етіп ұрды – полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Жас қызды қан-жоса етіп ұрды – полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Алматы қалалық полиция депаратменті әлеуметтік желідерге жүргізілетін мониторинг кезінде әйелді аяусыз ұру фактісінің болғанын анықтады 18.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-18T11:52+0500
2022-07-18T11:52+0500
2022-07-18T11:52+0500
қоғам
алматы
полиция
зорлық-зомбылық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995825_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_0dda0f38d0541b9bda12b4e5f7884a14.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Алматыда жас қызды өлімші етіп сабаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде қан-жоса болған қыздың видеосы тарап кетті. Көшедегі адамдар оны жерден көтеріп, көмек көрсетті. Жолда жас жігіт отыр."Бұл – менің қызым" деген сөзі де естіледі. Желі қолданушылары жанжалдың Төле би мен Байтұрсыновтың қиылысында, тура Алматы технологиялық университеттің жанында болғанын жазып жатыр. Алматы қалалық полиция депаратменті әлеуметтік желідерге жүргізілетін мониторинг кезінде әйелді аяусыз ұру фактісінің болғанын анықтады. "Күдікті жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол ұсталды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заң бойынша жауап береді. Депаратмент басшылығы тергеу шараларын жеке бақылауына алды", - дейді полицейлер. Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тергеу шараларын бастап кетті.Оған сәйкес, 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 360 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жүмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/12/14995825_719:0:2970:1688_1920x0_80_0_0_372cca9827b64071c79cd4034c5c803d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, полиция, зорлық-зомбылық
алматы, полиция, зорлық-зомбылық
Жас қызды қан-жоса етіп ұрды – полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Алматы қалалық полиция депаратменті әлеуметтік желідерге жүргізілетін мониторинг кезінде әйелді аяусыз ұру фактісінің болғанын анықтады
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Алматыда жас қызды өлімші етіп сабаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде қан-жоса болған қыздың видеосы тарап кетті. Көшедегі адамдар оны жерден көтеріп, көмек көрсетті. Жолда жас жігіт отыр.
"Бұл – менің қызым" деген сөзі де естіледі. Желі қолданушылары жанжалдың Төле би мен Байтұрсыновтың қиылысында, тура Алматы технологиялық университеттің жанында болғанын жазып жатыр.
Алматы қалалық полиция депаратменті әлеуметтік желідерге жүргізілетін мониторинг кезінде әйелді аяусыз ұру фактісінің болғанын анықтады.
"Күдікті жәбірленушінің танысы болып шықты. Ол ұсталды. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заң бойынша жауап береді. Депаратмент басшылығы тергеу шараларын жеке бақылауына алды", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тергеу шараларын бастап кетті.
Оған сәйкес, 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 360 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жүмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.