Оқиға

Оралда жантүршігерлік жол апаты болды: 8 адам көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневКарета скорой помощи на дороге столицы
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Бүгін түнде Орал қаласының айналма жолында жол апаты болып, сегіз адам мерт болды.
Жол апаты 18 шілдеде 2:45-те VenOil жанар-жағар май станциясының жанында болды, деп хабарлады "Мой город".
Мәлім болғандай, Nissan мен Lada соқтығысқан. Шетел көлігінде апат кезінде тек жүргізуші болды. Келесі көлікте бес ересек пен екі бала келе жатқан.
Nissan көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada көлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан бес адам сол жерде көз жұмды, үшеуі ауруханаға жеткізілді.
Кейін Nissan жүргізушісі мен 10 және 13 жастағы бала ауруханада көз жұмды.
Оқиға болған жерде полиция жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0