https://sputnik.kz/20220718/lavrov-ukrain-dagdarysy-turaly-pikir-bildirdi-26205892.html
Лавров украин дағдарысы туралы пікір білдірді
Лавров украин дағдарысы туралы пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинадағы қақтығыс Польшаның бұрынғы президенті Збигнев Бжезинский айтқан... 18.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-18T18:03+0500
2022-07-18T18:03+0500
2022-07-19T15:23+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23430805_0:0:3145:1770_1920x0_80_0_0_e815003e167c2e9b3f7e272df5b2eb24.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинадағы қақтығыс Польшаның бұрынғы президенті Збигнев Бжезинский айтқан сценарийге ұқсас деп санайды."Бүгін болып жатқан оқиғаларға тарих призмасы арқылы қарасақ, онда Украина дағдарысы бір кездері Бжезинский алға тартқан сценарий бойынша жүріп жатқан "үлкен ойын" секілді көрінеді. КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз Украинада және басқа да посткеңестік елдерде пайда болған ресейліктердің құқықтары мен мүдделерін есепке алу, тату қарым-қатынас туралы Батыстың мәлімдемелері құр сөз күйінде қалды. 2000 жылдардың басында-ақ Вашингтон мен Еуроодақ Киев Батысты немесе Ресейді қолдайтыны туралы шешімге келуін талап етті", - деп жазылған Лавровтың "Известия" газетінде жарық көрген мақаласында.Ресей сыртқы істер министрінің айтуынша, Батыс Украинадағы саяси процеске 2014 жылдан бері жетекшілік етіп келеді және президент Владимир Зеленскийдің халықаралық форумдардағы сөйлеген сөздеріне де Батыстың ықпалы бар."Ол өз мәлімдемелері кезінде кенеттен ақылға қонымды бірдеңе ұсынғанда, оны райынан қайтаруға тырысады. Ресей – Украина келіссөзінің Ыстамбұл раундынан кейінгі жағдайды осыған мысал етуге болады. Сол кезде наурыздың аяғында кішкене үміт пайда бола бастағандай еді, бірақ Киевті Бучадағы қолдан жасалған жағдайды басшылыққа алып, кері шегінуге мәжбүрледі. Вашингтон, Лондон, Брюссельдегілер Киевтен Украина толық әскери басымдыққа қол жеткізбейінше Ресеймен келіссөз бастамауды талап етті", - деп жазады Лавров.Еуроодақ сыртқы саяси қызметінің басшысы Жозеп Боррельдің қақтығысты "Украинаның ұрыс даласындағы жеңісімен" аяқтау керек деген мәлімдемесі Еуроодақ та дипломатия сияқты құралды құнсыздандырғанын білдіреді, дейді Лавров.Министр Лавров мұндай саясат үнемі жаңа әскери іс-қимыл жүргізуге арналған аумақты тұраты іздеуге әкелетінін атап өтті. Оның пікірінше, мұндай әрекетің жалғаса беруі халықаралық құқық нормалары бір тарапқа ғана қолайлы тәртіппен алмастырылатын әлем қалыптасуына ықпал етеді.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23430805_133:0:2862:2047_1920x0_80_0_0_5edba650e46048172a4bf52d31ef8a83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Лавров украин дағдарысы туралы пікір білдірді
18:03 18.07.2022 (жаңартылды: 15:23 19.07.2022) НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинадағы қақтығыс Польшаның бұрынғы президенті Збигнев Бжезинский айтқан сценарийге ұқсас деп санайды.
"Бүгін болып жатқан оқиғаларға тарих призмасы арқылы қарасақ, онда Украина дағдарысы бір кездері Бжезинский алға тартқан сценарий бойынша жүріп жатқан "үлкен ойын" секілді көрінеді. КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз Украинада және басқа да посткеңестік елдерде пайда болған ресейліктердің құқықтары мен мүдделерін есепке алу, тату қарым-қатынас туралы Батыстың мәлімдемелері құр сөз күйінде қалды. 2000 жылдардың басында-ақ Вашингтон мен Еуроодақ Киев Батысты немесе Ресейді қолдайтыны туралы шешімге келуін талап етті", - деп жазылған Лавровтың
"Известия" газетінде жарық көрген мақаласында.
Ресей сыртқы істер министрінің айтуынша, Батыс Украинадағы саяси процеске 2014 жылдан бері жетекшілік етіп келеді және президент Владимир Зеленскийдің халықаралық форумдардағы сөйлеген сөздеріне де Батыстың ықпалы бар.
"Ол өз мәлімдемелері кезінде кенеттен ақылға қонымды бірдеңе ұсынғанда, оны райынан қайтаруға тырысады. Ресей – Украина келіссөзінің Ыстамбұл раундынан кейінгі жағдайды осыған мысал етуге болады. Сол кезде наурыздың аяғында кішкене үміт пайда бола бастағандай еді, бірақ Киевті Бучадағы қолдан жасалған жағдайды басшылыққа алып, кері шегінуге мәжбүрледі. Вашингтон, Лондон, Брюссельдегілер Киевтен Украина толық әскери басымдыққа қол жеткізбейінше Ресеймен келіссөз бастамауды талап етті", - деп жазады Лавров.
Еуроодақ сыртқы саяси қызметінің басшысы Жозеп Боррельдің қақтығысты "Украинаның ұрыс даласындағы жеңісімен" аяқтау керек деген мәлімдемесі Еуроодақ та дипломатия сияқты құралды құнсыздандырғанын білдіреді, дейді Лавров.
Министр Лавров мұндай саясат үнемі жаңа әскери іс-қимыл жүргізуге арналған аумақты тұраты іздеуге әкелетінін атап өтті. Оның пікірінше, мұндай әрекетің жалғаса беруі халықаралық құқық нормалары бір тарапқа ғана қолайлы тәртіппен алмастырылатын әлем қалыптасуына ықпал етеді.